Новостной портал общественно-политического еженедельника "Иле-Таны"
Главная
Главная
ru kz
Илийский районный общественно-политический еженедельник
13 Марта 2019

БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТУ ҚАЖЕТ

Қазақстан халқына жаңа Жолдауын арнаған Елбасы, тәуелсіздік жылдары атқарылған қыруар жұмыстар елдің одан әрі тұрақты дамуына негіз қалағанын мәлімдеді. Бейбітшілік пен тұрақтылықтың арқасында біздің отан әлемдік кеңістікте өз беделін арттырып келеді. Экономикасы қарқынды дамыған елде азаматтардың да өмір сүру сапасы да жақсарып, негізгі салаларды өркендетуге бағытталған бағдарламалар сәтті жүзеге асуда. Қарапайым қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру одан әрі жалғаса бермек. Елбасы экономиканың негізгі күші саналатын шағын және орта бизнеске барынша одан әрі қолдау көрсетілуі керек деді. Бизнестің жол картасы бағдарламасын 2025 жылға дейін созу қажеттігін атап өтіп, оған әр жылы 30 миллиард теңге бөлуді қарастыру керектігін айтты. Ал, келер жылдың қаңтарынан бастап, салықтың негізгі сомасы төленген жағдайда, өсім мен айыппұлды алып тастай отырып, шағын және орта бизнес үшін «салық амнистиясын» жүргізуге кірісуді тапсырды. Агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетінде толық іске асыру керектігін баса айтты. Президент өз Жолдауында әлеуметтік саладан өзге бағыттарда да тың жұмыстардың атқарылуы қажеттігін айтты. Медицина, білім, туризм, мемлекеттік қызмет және инфрақұрылымға басымдық берді. Соның ішінде, жол салу құрылыстарына мән беру керек деді. Сонымен бірге Президент тапсырмасының тиісті деңгейде орындалуы үшін мемлекеттік органдардан бөлек, бизнес-қауымдастық пен азаматтық қоғам өкілдерінің белсенділігі де аса маңызды екенін атап өтуіміз керек. Әсіресе қоғамдағы психикалық саулық бойынша түрлі стереотиптер мен аңыздарды жұдырықтай жұмылған кезде ғана жоюға болады. Басқаша айтар болсақ, балаларымыздың жан саулығын қорғау бағытындағы қадамдардың нәтижелілігі жұмысбасты ата-аналардың психикалық саулық бойынша сауатын күшейту жұмыстарымен қатар жүрген кезде еселеп арта түседі. Яғни, бизнес-қауымдастық жұмыс орындарында өз қызметкерлерінің психикалық саулығына ерекше басымдық берер болса, «психолог», «психотерапевт» және «психиатр-дәрігер» деген сөздерді естіген кезде ат тонын ала қашатын ата-аналардың саны да азая түсетін болады. Тереңірек үңілсек, мектеп педагог-психологтарының кәсіби дайындығын күшейту дегеніміз өскелең ұрпақты өмірдің түрлі соқпақтарына дайындап, олардың психикалық төзімділігін арттыру, болашақта ел дамуына өз үлесін қосатын саламатты азаматтарды қалыптастыру деген сөз. Осы мақсатта азаматтық қоғам өкілдері де белсенділік танытуы қажет. Сондықтан да мектеп психологтарымен тығыз жұмыс істейтін қоғамдық ұйымдардың басты мақсаты мектеп психологтарының семинар-тренингтер арқылы кәсіби біліктілігін мейлінше арттыру ғана емес, сондай-ақ педагог-психологтардың қоғамдағы маңызды рөлі туралы көзқарасты қайта қарауға үлес қосу керек. Қорыта айтқанда, психикалық саулық тек бір адамның немесе бір отбасының жеке мәселесі емес, ол – бүкіл қоғамның, тіпті адамзат баласының мәселесі.

 

 

Автор: М.ЕГЕМБЕРДИЕВА, аудандық мәслихат депутаты, орталық аурухананың бас дәрігері