Новостной портал общественно-политического еженедельника "Иле-Таны"
Главная
Главная
ru kz
Илийский районный общественно-политический еженедельник
ГлавнаяНовостиПять социальных инициатив ПрезидентаХАЛЫҚТЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ МЫҚТЫ БОЛУЫ ҮШІН
13 Марта 2019

ХАЛЫҚТЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ МЫҚТЫ БОЛУЫ ҮШІН

Елбасы осы қажеттілікті дөп басып, биылғы Жолдауды «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» деп атады. Бұрынғы жолдауда бастау алған бағдарламалардың барлығы да жалғасын табатынын баса айтты. Биылғы Жолдауда Президент проблемаларды атап қана қоймай, әдеттегідей оларды шешудің де жолдарын көрсетіп берді. Халықтың тұрмыс сапасын арттыру, әлеуметтік секторға, қауіпсіздік пен инфрақұрылымға мән бере отырып, бюджет шығыстарының басымдықтарын қайта қарау ұсынылды. Қарапайым халық үшін жайлы өмірдің аса маңызды компоненті медициналық қызметтің сапасы екені рас. Елбасы халықтың денсаулығы туралы үнемі айтып келеді, бұл жолы да халық денсаулығы қалыс қалған жоқ. 2020 жылға қарай бүкіл тұрғындардың электронды паспорты жасалып, кезектер мен бюрократияны жоюға тапсырма берді. Халық денсаулығы мықты болуы үшін бұқаралық спорт түрлерімен айналысуға ыңғайлы аулалар мен саябақтарды жабдықтау керектігін атап өтті. Нұрсұлтан Әбішұлы салауатты өмір салтын ұстану туралы мәселені бұрыннан басты бағыт ретінде ұстанатын, әрі өзі бастап, спортты насихаттайтын. Ұлт саулығы – мемлекеттің басты құндылығы екені үнемі айтылып келе жатқан жайт. Ұлт саулығын сақтап тұру үшін халықты сапалы азық-түлік, киім-кешекпен қамтамасыз ету, отандық өндірісті қолдау, бұрнағы жылдары қабылданған «Бизнестің жол картасы» сынды бағдарламарды әлі де нысанда ұстау сияқты пікірлердің барлығы көкейіміздегі көп сауалдың шешімін берді. «Дамимыз, әлемдік аренада биіктен көрінеміз» деген оңды амбицияның болғаны жөн. Алайда біздің түп тамырымыз, ата қазығымыз – ауылда. Сол биікке тек тамырымыз мықты болғанда ғана жете аламыз. Елбасы мұны да ұмыт қалдырған жоқ. Жолдауда «Ауыл – ел бесігі» атты бастама көтергені қарапайым халық үшін зор қуаныш болды.

 

 

Автор: Б. СҮЛЕЙМЕНОВА, Байсерке ауылдық амбулаториясының меңгерушісі