Новостной портал общественно-политического еженедельника "Иле-Таны"
Главная
Главная
ru kz
Илийский районный общественно-политический еженедельник
ГлавнаяНовостиИле таныЖАСАМПАЗ ЖАҚСЫЛЫҒЫН АЛА КЕЛСІН!
20 Марта 2019

ЖАСАМПАЗ ЖАҚСЫЛЫҒЫН АЛА КЕЛСІН!

Құрметті жерлестер және қонақтар!

Баршаңызды елдік пен бірліктің, еңбек пен ырыстың, татулық пен түсіністіктің жайдары, жарқын мерекесі Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Наурыз мейрамы ежелден жаңару мен жасампаздықтың, молшылықтың арқауы саналған.

Көктің тынысын тыңдап, жердің тамырын басқан, тұрмыс-тіршілігін Табиғат-анамен тығыз байланыстырған халқымыз Наурызды Ұлыстың Ұлы күні деп бағалаған.

ЕжелденТәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуы мен бірге жаңғырған Наурыз мейрамы көп ұлтты Қазақстан халқы үшін мерейлі мерекеге айналып, достықтың, ынтымақтың, саяси тұрақтылықтың нығаюының негізі болды.

Кез келген мемлекеттің басты құндылығы оның тәуелсіздігі, ұлттық бірлігі, қоғамдағы бейбітшілігі мен келісімінде. Біз үшін Тәуелсіздіктен асқан мұрат, Мәңгілік Елден асқан мақсат жоқ! Ұлт Көшбасшысы, Елбасы ұсынған осы жолда ата-бабаларымыздың арманын жалғап, әлемдегі ең ірі дамыған елдер қатарына кіру жолында бар күш-жігерімізді аямайық!

Қадірменді жерлестер және қонақтар!

ҰлыстыңҰлы күні елідің ырысы мен ынтымағын нығайтып, әр отбасының береке-бірлігін арттырсын. Табысты дамыған киелі Іле жеріне тыныштығы мен жасампаз жақсылығын ала келсін!

Ақ мол болсын, жыл жемісті болсын, ардақты ағайын!

Мәңгілік Еліміз жасарып, жаңара берсін!

Наурыз мейрамы құтты болсын! Ақ мол болсын!

                                        

Автор: Б. ҚАРАСАЕВ, аудан әкімі, «Нұр Отан» партиясы аудандық Филиалының төрағасы.