Новостной портал общественно-политического еженедельника "Иле-Таны"
Главная
Главная
ru kz
Илийский районный общественно-политический еженедельник
ГлавнаяНовостиПолитикаИГІ ІСТІҢ БАСТАМАСЫ
12 Мая 2017

ИГІ ІСТІҢ БАСТАМАСЫ

     Еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың сай келуін, жұмыссыз жүрген мүмкіндігі шектеулі адамдардың жұмысқа орналастыру мәселесі «Нұр Отан» партиясының басты назарда көңіл бөлінетіндігін айта келе, аудандық партия филиалының желілік кестесіне сәйкес «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
     Шараға аудан тұрғындары, мүмкіндігі шектеулі жандар, өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, табысы аз адамдарды оқыту және ауылдық жерлердегі кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу бағыттары бойынша, «Жастар тәжірибесі», «Кәсіби даярлау, қайта даярлау және қайта оқыту» бойынша «Іле ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ мамандары, «Кәсіпкерлік бөлімі» ММ мамандары, «Жас Отан» ЖҚ мүшелері тарапынан кеңестер беріліп, жұмысқа орналасуға мекемелер мен кәсіпорындарға жолдамалар жолданды.

 

Автор: Өз тілшіміз.