Новостной портал общественно-политического еженедельника "Иле-Таны"
Главная
Главная
ru kz
Илийский районный общественно-политический еженедельник
ГлавнаяНовостиЗаконодательствоҚОҒАМНЫҢ ҚАСІРЕТІНЕ ЖОЛ ЖОҚ
19 Мая 2017

ҚОҒАМНЫҢ ҚАСІРЕТІНЕ ЖОЛ ЖОҚ

     Бүкіл әлемнің саяси, әлеуметтік-экономикалық мәдени және рухани жағдайына ықпал етіп отырған діни экстремизм мен терроризм ХХІ ғасырдың ең бір өзекті мәселелерінің біріне айналып отыр. Әлемдік дәрежеде лаңкестікке апаратын діни экстремизм жалғаса түсуде. Түрлі топтар осыны пайдалану арқылы саяси-экономикалық мәселелерді шешуге тырысуда. Бұл ретте Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстанда терроризм, сепаратизм және экстремизм проблемалары бар. Әсіресе халықаралық терроризмнің кең қанат жайғанын және халықаралық қауымдастық пен аймақтық саяси-әлеуметтік және экономикалық мәселелермен ұштасып, саясиланғанын ескерсек, олардың тарапынан туындаған қауіп ойдан шығарылған емес. Нақты және шынайы өмірлік қауіп», - деген болатын.
     Осы мәселелерді жүзеге асыруда Байсерке ауылдық округінде Қазақстан Республикасындағы діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында бекітілген жоспарға сәйкес, округ әкімі жанындағы терроризмге қарсы күрес және оның алдын алу жөніндегі халық арасында түсіндіру және насихаттау жұмыстарын жүргізетін топ мүшелерінің қатысуымен жиын өткізілді. Жиында округ тұрғындарының діни сауаттылығын арттыруға бағытталған жұмыс тиімділігін жақсарту шаралары қаралып, ақпараттық-түсіндіру топтың құрамын білікті, жауапты мамандармен толтыру және әр елді мекенде орналасқан кәсіпорындар мен мекемелерде жұмыс атқару жөнінде айтылды. Барлық білім беру мекемелерінде өткізілген шараларға теологтар, жоғарғы оқу орындарының дінтану мамандарын тарта отырып, талқылау, ашық сабақтар, бейнематериалдар көрсетілімін ұйымдастыру арқылы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
     Округ әкімінің бекіткен жоспарына сәйкес, округ әкімінің қызметкерлерінің қатысуымен округте орналасқан мешіттерге бару жұмыстары ұйымдастырылып, жергілікті жердегі теолог мамандарымен кездесу өткізілді. Жергілікті қауымдастық мүшелерінің жиындарында, сауда алаңдарында, қоғамдық тамақтану орындарында, жекеменшік кәсіпорындарында округ әкімінің жанынан құрылған топ мүшелері «Діни секталардан сақтанайық, экстремизм мен діни сипаттағы радикализмге жол жоқ» атты тақырыптарда түсіндіру, насихаттау және оның алдын алу жөнінде үнемі хабарландырулар жүргізіледі.
     Байсерке ауылдық округ әкім аппаратының маманы және учаскелік инспектор тарапынан тұрғындар арасында радикализм идеясын тарап кетуіне жол бермеу мақсатында деструктивтік діни ағым ықпалына түскен азаматтар және олардың жанұяларымен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, әлеуметтік-психологиялық портреттерін толтырып, қоғамға қайта бейімдеу тұрақты жұмыспен қамту, отбасылық жағдайын шешу, әлеуметтік жәрдем ақыларды қарастыру, мамандықтар бойынша қайта даярлау шаралары қамтамасыз етілді.

Автор: Б. ЧОЙБАСОВ, тілші. Л.ДАИРБЕКОВА, Байсерке ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы