Новостной портал общественно-политического еженедельника "Иле-Таны"
Главная
Главная
ru kz
Илийский районный общественно-политический еженедельник
ГлавнаяНовостиІле таңыАЗАМАТТЫҚ БОРЫШ ПЕН ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ КЕЛІСІМНІҢ МЕРЕКЕСІ
30 Апреля 2019

АЗАМАТТЫҚ БОРЫШ ПЕН ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ КЕЛІСІМНІҢ МЕРЕКЕСІ

Құрметті киелі Іле ауданының тұрғындары!

Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке барлық ұлт өкілдерінің ынтымақтастығы мен достығының, бейбіт өмірдің рәмізі, ал бейбітшілік пен тұрақтылық және ұлтаралық келісім мемлекетіміздің ең басты негізі, рухани байлығы болып табылады. Қазақ қашаннан да бауырмал халық қой. Әр кезеңдерде елімізден пана іздеп келген «өзге ұлт өкілдерінің» бәрін бауырына басып, төрінен орын беріп, қандай қиын уақыттың өзінде бір үзім нанды бөліп жеді. Сөйтіп, қаймағы бұзылмаған қазақ жері бүгінде көпұлтты мемлекеттің бірі болып отыр. Бүгінгі күні ауданымызда 30 ға жуық ұлт пен ұлыстың өкілдері бір тудың астында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр. Сондықтан бұл күн - әрбір аудан тұрғыны үшін Отанға сүйіспеншілік сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі болып табылады.

Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық біздің ең маңызды байлығымыз! Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету әрбір Қазақстан азаматының міндеті. Құрметті  жерлестер!

Сіздерге шынайы көңілмен бақыт-береке, ашық аспан, елімізді өркендету жолындағы еңбектеріңізге мол табыс, отбасыларыңызға аманшылық пен шаттық тілеймін! Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін!

 

 

Автор: Б. ҚАРАСАЕВ, Аудан әкімі, «НұрОтан» партиясы аудандық филиалының төрағасы