Новостной портал общественно-политического еженедельника "Иле-Таны"
Главная
Главная
ru kz
Илийский районный общественно-политический еженедельник
ГлавнаяНовостиСпортАШЫҚ ВОЛЕЙБОЛ ТУРНИРІ
8 Мая 2019

АШЫҚ ВОЛЕЙБОЛ ТУРНИРІ

2018 жылы қазан айында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында басталған ұлдар арасындағы аудандық ашық волейбол турнирінің жабылуы 2019 жылдың сәуір айының 17-күні №39 мектеп-гимназияда өтті. 2004-2005 жылдары туған жасөспірімдер арасындағы тартысты додаға Іле ауданынан және Алматы қаласының аудандарынан 6 команда қатысып, жарыс нәтижесінде Ащыбұлақ құрамасы І-орын, Түріксіб командасы ІІ-орын және Боралдай кенті құрама командасы жүлделі ІІІ-орынды қанжығаларына байлады. Аталмыш турнирдің ұйымдастырушылары Боралдайдағы №39 мектеп-гимназияның дене шынықтыру пәні мұғалімі, тәжірибелі жаттықтырушы Ә.Амитов пен волейбол жарысының бас төрешісі  С.Алланепесов.

Жастарды спортқа баулып, жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттауда осындай спорттық іс-шаралардың өте маңызды рөл атқаратынын айтпаса да белгілі. Олай болса, жастарымыздың дені сау, тәні сергек, рухы биік болуы – аға буынның сіңірер еңбегіне тікелей байланысты. Себебі, інінің ағаға, сіңілдің әпкеге, шәкірттің ұстазға қарап өсері анық. Сондықтан да келер ұлпаққа күлкі емес, үлгі болатын осындай істер жасайық!

 

 

Автор: Ж. БҰЗАУҚЫЗЫ, Боралдай кенті әкімі аппаратының бас маманы