Новостной портал общественно-политического еженедельника "Иле-Таны"
Главная
Главная
ru kz
Илийский районный общественно-политический еженедельник
ГлавнаяНовостиКультураЕҢ ҮЗДІК АУЫЛДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІ
17 Ноября 2017

ЕҢ ҮЗДІК АУЫЛДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІ

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының жүзеге асыру мақсатында ауданымызда Алматы облысының аудан, қала мәдениет күндері аясында Междуреченск ауылдық Мәдениет үйінде «Ауылым Ақсай жағасында» атты ауылдық Мәдениет үйлері арасында облыстық «Ауылым – алтын бесігім» атты байқау өткізілді. Байқауға Алматы облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаматтама басқармасынан Ғұмаров Төлеужан Нүсіпжанұлы, Халық шығармашылық орталығы директорының орынбасары Сәбитова Айгүл Ташболатқызы мен режиссер Нұрмұхамбетов Асқар Қалиұлы Мәдениет үйінің құжаттарымен танысып, ішкі-сыртқы тазалығын көріп, ауыл өнерпаздарының концертін тамашалады. Концерттік бағдарлама 10 номерден тұрды. Ауыл өнерпаздары өз өнерлерін көрсетіп, балаларды цирк өнерімен таңғалдырса, «Еңлік-Кебек» поэмасынан үзінді қойылымы әрбір көрерменнің көзіне жас келтірді. Сонымен қатар өнерлі отбасы мүшелері жұптасып, ән салып, «Көркем» би ансамблінің бишілері жоғары деңгейде өнер көрсетті. Концерт салтанатты түрде от шашумен тәмәмдалды.

Қазан айында Талдықорған қаласында өткен бұл байқаудың нәтижесі бойынша, облыс бойынша 33 ауылдық Мәдениет үйлері арасында Іле ауданы Оралхан Оспанова басшылық ететін Междуреченск ауылдық Мәдениет үйі жүлделі орындарға ие болып, дыбыс аппаратурасы мен 300 0000 теңге ақшалай сыйлық және дипломмен Алматы облысы әкімі Амангелді Ғаббасұлы Батталов марапаттады. Облыс бойынша сайысқа қатысқан Мәдениет үйлері ішінен 8 Мәдениет үйі осындай марапатқа ие болды. Бұл біз үшін үлкен жетістік.

 

Автор: Өз тілшіміз.