Новостной портал общественно-политического еженедельника "Иле-Таны"
Главная
Главная
ru kz
Илийский районный общественно-политический еженедельник
ГлавнаяНовостиСпортМЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР КҮШ СЫНАСТЫ
22 Декабря 2017

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР КҮШ СЫНАСТЫ

Өтеген батыр кентінде орналасқан балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спорт залында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру шеңберінде, 6-шы желтоқсан Прокуратура күні мерекесіне орай, мекеме қызметкерлері арасында шағын футболдан аудандық жарысы өткізілді. Жарысқа 9 команда қатысты. Жарыстың ашылу рәсіміне Іле ауданының прокуроры Е.Молдахметов жарысқа қатысушыларды және поркуратура қызметкерлерін прокуратура күні мерекесімен құттықтап, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Жарысымыздың командалық есеп қорытындысы бойынша І-орын аудандық ішкі істер басқармасы, ІІ-орын Халыққа қызмет көрсету орталығы, ІІІ-орын аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі бөлім командасы ие болды. Жүлделі орынға қол жеткізген командалар аудан прокурорының мақтау қағаздары, кубоктар, медальдар және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

 

 

Автор: Ж. ҚАБДІКӘРІМОВ,  аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы