Новостной портал общественно-политического еженедельника "Иле-Таны"
Главная
Главная
ru kz
Илийский районный общественно-политический еженедельник
ГлавнаяНовостиСпортБОРАЛДАЙЛЫҚ БОКСШЫ АЛИ АХМЕДОВ – ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ WBC ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ!
22 Декабря 2017

БОРАЛДАЙЛЫҚ БОКСШЫ АЛИ АХМЕДОВ – ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ WBC ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ!

Боралдай кентінде туып-өскен Али Богадинұлы Ахмедов 6 жасынан бастап бокспен айналысты. Алтын ұя білім ордасы, кентіміздегі №15 орта мектепке тарыдай болып кіріп, таудай болып шыққан бозбала Али жастайынан өзінің алдына мызғымас мақсат қойып, адастырмас арманына жетеріне сенді. 

Міне, бүгінде жігіт Али сол армандарын бағындырып, мақсаттарын орындап, өткен аптада АҚШ-тың Техас штатында өткен жекпе-жекке шығып, осы күнге дейін жеңіліп көрмеген қарсыласы америкалық Дешон Уэбстерді ойсырата жеңді.

Осы жеңісімен жерлесіміз, кәсіби боксшы А. Ахмедов өзінің жастар арасындағы WBC әлем чемпионы атағын қорғап қалды және ауыр салмақтағы Солтүстік Америка чемпионы атанды. Айта кетейік, 10 кезеңге созылған жекпе-жекте қазылардың бірауыздан қабылдаған –100-88, 100-89, 99-89 шешімімен А. Ахмедов жеңіске жетті. Бұл жеңіс Алидің кәсіпқой рингтегі тоғызыншы жеңісі.

Біз Алиге мықты денсаулық, сарқылмас күш-жігер тілейміз!

Еліміздің көкбайрағын желбірететін ұлдарымыз көп болсын!

 

 

Автор: Р. НУСУПОВА, Боралдай кенті әкімі аппаратының жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушысы