Новостной портал общественно-политического еженедельника "Иле-Таны"
Главная
Главная
ru kz
Илийский районный общественно-политический еженедельник
ГлавнаяНовостиРухани ЖаңғыруМАРАЛТАЙ АҚЫН ЖЫР ЖАНАШЫРЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
1 Января 2018

МАРАЛТАЙ АҚЫН ЖЫР ЖАНАШЫРЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы аясында Қазақстан Жазушылар Одағы басқарма төрағасының орынбасары, ақын Маралтай Райымбекұлы Байсерке ауылындағы №9 орта мектепке арнайы шақыртумен атбасын тіреді.

Мектеп оқушылары ақын ағаларын гүл шоқтармен қарсы алды. Одан кейін жыр сүйер оқушы жастармен мектептің акт залында «Рухани жаңғыру – елдігімнің еңсесі» атты тақырыпта өткен кездесуге қатысты. Ақын Елбасының биылғы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласына кеңі-нен тоқталды. Өзінің жырларын оқыды.

Басқосуда Маралтай ақын Байсерке ауылдық округі әкімінің орынбасары А. Бариев пен мектеп директоры Ғ. Нұрмұханбетовке мектеп оқушыларына танымдық ой, насихат-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, кездесу кешін ұйымдастырғанына ризашылық сезімін жеткізді.

Оқушылар ақынның және өз өлеңдерін оқып, көкейлеріндегі сұрақтармен бөлісті.

Кеш соңында мектеп директоры Ғ.Нұрмұханбетов жиналған қауымға ризашылығын білдіріп, ақын Маралтай Райымбекұлына сый-сияпат тапсырып, ілтипат көрсетті. Кездесу соңында ақын мектепке өз қолтаңбасын қалдырып, естелікке суретке түсті.

Автор: Өз тілшіміз