Новостной портал общественно-политического еженедельника "Иле-Таны"
Главная
Главная
ru kz
Илийский районный общественно-политический еженедельник
ГлавнаяНовостиРухани ЖаңғыруМАҢЫЗДЫ ҚҰЖАТТАР КӨРСЕТІЛДІ
1 Января 2018

МАҢЫЗДЫ ҚҰЖАТТАР КӨРСЕТІЛДІ

Елбасы Н.Назарбаев «Рухани жаңғыру» бағдарламасындағы латын әліпбиіне көшу реформасын қолдау, үгіт-насихат жұмысын жүргізу мақсатында 2017 жылдың қараша айында Талдықорған қаласында бастау алған «Латын әліпбиіне – рухани жаңғырудың негізі» атты архив құжаттарының көшпелі көрмесі Іле филиалының ұйымдастыруымен 2017 жылдың 14 желтоқсанында Іле ауданының Мәдениет үйінде өз жалғасын табуда. Онда 1928 – 1941 жылдары аралығында латын графикасымен жазылған маңызды архив құжаттары көпшілікке көрме ретінде көрсетілді.  Оған аудан әкімі Қ.Медеуов қатысып, оң бағасын беріп, архивтік құжаттардың ұзақ сақталуына және халықтың кеңі-нен танысуына жағдай жасап, одан әрі жандандыруға кеңес берді.

Айта кетейік, Алматы облысы мемлекеттік архивінің Іле филиалын толықтырудың тұрақты және негізгі көзі – аудандық мекеме құжаттары болып саналады. Филиалдың негізі Алматы облысы әкімінің 2004 жылғы 29 шілдедегі №7-79 шешімімен Чапаев ауылында Алматы облыстық мемлекеттік  архивінің Іле филиалы ашылды.

Ұйымның ведомстволық архиві қағаз және электрондық негіздегі құжаттарды жинау, уақытша сақтау мен пайдалану мақсатында ұйымдастырылады. Іле филиалы архивінің негізгі мақсаты – аудандық архивті ұйым, мекеме мен кәсіпорындардың ғылыми-тарихи, шаруашылық, мәдени-әлеуметтік маңызы бар, яғни, ұлттық құндылық деп танылған құжаттарымен толықтыру. Аудандық архив одан басқа да мемлекеттік қызмет түрлерін көр-сетеді.

Көптеген құжаттардың түпнұсқа қалпында мемлекеттiк сақтауға қабылдануы – қордың маңызы мен құңдылығын арттыра түседi.

Автор: Ә. ЕЛУБАЕВА, «Алматы облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Іле филиалының директоры