Новостной портал общественно-политического еженедельника "Иле-Таны"
Главная
Главная
ru kz
Илийский районный общественно-политический еженедельник
ГлавнаяНовостиСпортКӨПТІҢ БІРІ ЕМЕС, КӨШТІҢ АЛДЫНДА
1 Января 2018

КӨПТІҢ БІРІ ЕМЕС, КӨШТІҢ АЛДЫНДА

Өткен жылы спорт саласынан оның ішінде  джиу-джитсу және грепплинг саласынан үздік нәтижеге қол жеткізген Ащыбұлақ ауылдық округі, Түймебаев ауылындағы  «Сағадат батыр» спорт клубы туралы көп жаңалық айтуға болады.

Жақында «Сағадат батыр» спорт клубының бас бапкері Н.Орынбасаров Тұңғыш Қорғаныс министрі,

Халық қаһарманы, армия генералы Нұрмағамбетов Сағадат Қожахметұлын еске алуға Джиу-джитсудан турнир өткізіп, Алматы қаласындағы «Qazaq» мейрамханасында жылдық қорытынды есеп беру кешін өткізді. Жиынға көш бастап келген ел ағаларының қатарында қоғам қайраткері М. Нәлібаев,

әділет генерал-майоры Р.Қайдаров, генерал-майор Т.Нұрмағамбетов, Ауған соғысының ардагері,

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Б. Смағұл, Алматы қаласы тілдерді дамыту басқармасының басшысы

М. Ахметов, Бразилиялық федерациясының өкілі Сәдірбай Рахмет мырзалар болды.

Спортшылар қонақтарға боз кілемге шығып өнерлерін паш етті. Жас спортшылардын өнеріне тәнті болған ел ағалары ақ батасын беріп, әрдайым қолдау білдіретінің жеткізді. Алғы сөз кештің құрметті қонағы Махмұт Ыбырайханұлына бұйырды. Махмұт мырза өз сөзінде жас спортшыларға ризашылығын білдіріп, талай белестерді бағындыруға тілектес екенін айтты. Еліміздің жарқын болашағы сіздерсіздер деп сенім білдірді. «Сағадат батыр» спорт клубының шәкірттеріне Махмұт мырзаның қолынан диплом мен «Ең үздік спортшы – 2017 жыл» кубогін алу бұйырды. Жалынды жас спортшылар арасында Джиу-джитсудан өткен әлем чемпионы Мәди Құрманғожаев, «Arlan Grip», «Mace», «National PRO» халықаралық джиу-джитсу және грепплинг турнирлерінде ұлдар арасында жүзден жүйрік шығып, бірнеше дүркін чемпион атанған 10 жасар Жібек Құлымбетова,  сондай-ақ Нұртуған Бекмұрат, Елжан Жұмаділ, Әділхан Ақжолтай, Самат Айтпанбет сияқты мақтан тұтар шәкірттерді айтуға болады.

Талай жасқа бағыт-бағдар беріп, ауыл спортының дамуына үлкен үлес қосып, елінің біртуар азаматы Сағадат Нұрмағамбетовтың дара жолын дәріптеп жүрген грепплингтан Азия чемпионы, джиу-джитсудан, аралас жекпе-жектен ҚР чемпионы Нұрсұлтан Орынбасаровқа Әділет генерал-майоры Қайдаров Рүстем Есімханұлы ризашылығын білдіріп С. Қ. Нұрмағамбетов медалімен марапаттады.

«Сағадат батыр» спорт клубының шәкірттері жасөспірімдер арасында еліміздің ең үздік командасы деп айтсақ артық болмас еді. 80-нен астам шәкірттің 15-і халықаралық ареналарда қазақ елінің атын шығарып жүр. Құрметті қонақтар өз тарапынан алғыс білдіріп, «Сағадат батыр» спорт клубында балалары жаттығып, тәрбие алып жатқанына қуанышты екенін жеткізді.

Айта кетейік, жаттықтырушы Нұрсұлтан Орынбасаров алдағы уақытта «Сағадат батыр» спорт клубы республикамыздың басқа да қалалары мен облыстарында филиалдары ашылып алдағы уақытта джиу-джитсудан «Сағадат батыр» халықаралық турнирін өткізетін болады.

Автор: Бағдат ЧОЙБАСОВ