Новостной портал общественно-политического еженедельника "Иле-Таны"
Главная
Главная
ru kz
Илийский районный общественно-политический еженедельник
ГлавнаяНовостиРухани ЖаңғыруЖАСТАРҒА ЖҮКТЕЛГЕН МІНДЕТ ЖОҒАРЫ
19 Января 2018

ЖАСТАРҒА ЖҮКТЕЛГЕН МІНДЕТ ЖОҒАРЫ

«Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» аясында жер-жерде талдау, талқылау, іске асыру жұмыстары тиянақты іс-шаралармен жүріп жатуы – ұлт санасының саяси мәдени тұрғыда өсіп келе жатқаның байқатады. Мысалы, Байсерке ауылында №28 мектеп-гимназия базасында Парламент Мәжілісінің депутаты, Ауған соғысының ардагері Бақытбек Смағұлмен кездесу өткізілді.

Кездесуге Қапшағай қаласының бас имамы Алдажар Сейітұлы, аудандық мәслихат депутаты Рамазан Елешев, Байсерке ауылының Хайыр-Ихсан мешітінің имамы Сүтемген Ерғанат, Іле ауданы бойынша теолог, округ әкімі Копбаева Тлеукен Отыншықызы, округ әкімінің орынбасары Қажиев Асхат Бариұлы, ішкі саясат маманы Даирбекова Ляйля Берікқызы, мектеп директоры Бейсембаева Салимаш Оразкановна, мұғалімдер, ата-аналар, жоғарғы сыныптың оқушылары қатысты.

Кездесуде ең өзекті лаңкестік және терроризм діни экстремизм жөнінде ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, Ауған соғысының ардагері Бақытбек Смағұл мырза мәселе көтеріп, болашақ жастар екенін, жастар үшін білімнің қажеттілігін, ал білімді ұрпақ өз шотына зиярат жасамайтынын, соғыста да біреуді жою үшін соғыспайтынын білімнің, шебер тактиканың арқасында қорғанатын қабілетті азамат бола білу керектігін, тіпті діни сауаттылық пен тәрбие дұрыс болған жерде алмасуға жол бермейтінін баса атап өтті. Патриоттық рух беретін осы тақырыптағы өлеңдерінен де шашу шашып, жыр қазынасын ақтарды.

Ауданымыздағы берекелі Байсерке ауылдық округі ауқымды шаралар өткізуден қалыс қалған емес. Үкіметтің тапсырмалары мен Елбасы жолдаған стратегиялық бағыттар, Жолдаулар негізінде аудан көлемінде бірлесе жоспарлар құрылып мазмұнды, нәтижелі іс-шаралар өткізу – жылдан жылға жаңарып рухани құндылықтарымызды жас ұрпақ санасына сіңіру мақсатында конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер мен кездесулер арқылы жүргізіліп келе жатқанын ауыз толтырып айтуға болады. Мәселен, ел алдында тұрған бүгінгі көкейкесті мәселе лаңкестік пен терроризмге қарсы күресу, оны дұрыс түсіну үкімет тарапынан қадағалап, жол бермеу мәселесі тұрса, оған атсалысып, үлес қосып жүрген қоғам қайраткерлері де аз емес. Демек, осы мәселені күн тәртібінен алып тастай алмайтын болғандықтан, ауданның белді азаматтарының бірі, Ауған соғысының ардагерлерінің бірі, «Іле нұры» журналының редакторы Алдажар Сейітұлының ұйымдастыруымен ауыл әкімдігі мен ауыл мешіті имамдарының қатысуымен ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, Ауған соғысының ардагері Бақытбек Смағұл мырзамен  ата-аналар, мұғалімдер, оқушылар арасында «Біз терроризмге қарсымыз!» атты кездесу отырысының өзі жастарға рух берді. Қазіргі қоғамның бейбіт өмірдегі бейбіт халыққа жасалар қиянаты – осы терроризм екенін айтпай-ақ түсінуге болатынына оқушылар көз жеткізді.

Көкейде жүрген сұрақтар қойылып, ислам мен терроризмді шатастыруға болмайтынына кездесу барысында көздері жеткен оқушылар – өздеріне рухани күш пен діни сабақ алды. Адамның басты жауы – терроризм екенін мына жарық дүниеде сезіну, өмірдің және тыныш бейбіт заманның қадірін түсіну – осындай патриоттық рухани кездесулерден алатынын айтпай-ақ түсінікті. ҚР Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл Байсерке ауылдық округіндегі №28 мектеп-гимназиясы ауданымызда Елбасының «100 мектеп, 100 нақты қадам» стратегиясы негізінде бой көтерген киелі білім ордасында білім алып жатқан оқушылардың талапқа сай киінген формасы мен жарық, әрі таза мектеп ғимаратын көріп шынайы ризашылығын білдірді. Болашақ жастар екенін, жастар үшін білімнің қажеттілігін, ал білімді ұрпақ өз шотына зиярат жасамайтынын, соғыста да біреуді жою үшін соғыспайтынын білімнің, шебер тактиканың арқасында қорғанатын қабілетті азамат бола білу керектігін, тіпті діни сауаттылық пен тәрбие дұрыс болған жерде алмасуға жол бермейтінін баса атап өтті. Патриоттық рух беретін осы тақырыптағы өлеңдерінен де шашу шашып, жыр қазынасынан ақтарды.

Ата-аналар да оқушылар да дән риза болып, қолтаңба алып, алғыстарын білдірді.

Ұлттың ұлылығы – ұлынан, жаман әдеттен аулақ болу қолыңнан келетін іс екенін әрбір ұрпақ сезініп қайтты деген ойдамын.

 

 

Автор: Л. ДАИРБЕКОВА, Байсерке ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы