Новостной портал общественно-политического еженедельника "Иле-Таны"
Главная
Главная
ru kz
Илийский районный общественно-политический еженедельник
ГлавнаяНовостиОбществоЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ – ЕЛІМІЗДІҢ ЖАҢА САМҒАУЫ
12 Февраля 2018

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ – ЕЛІМІЗДІҢ ЖАҢА САМҒАУЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған кезекті «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын Іле аудандық кітапханасы бүкіл ұжымымызбен бірге отырып тыңдадық.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған биылғы Жолдауы Қазақстанның Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамуына арналды. Жолдауда Елбасы әлемнің дамыған елдерінің қатарына қосылу үшін Қазақ елі атқаруға тиіс 10 міндетті нақтылап берді.

Жолдаудағы мәселелердің барлығы өзекті және мәнді. Адамзат баласының жаңа өнеркәсіптік революция дәуіріне қадам басқанын және заманауи технологиялардың әлемді өзгертіп жатқанын, жаңа технологиялық қалып біздің қалай жұмыс істейтінімізді, азаматтық құқықтарымызды қалай іске асыратынымызды, балаларымызды қалай тәрбиелейтінімізді түбегейлі өзгерту деп Елбасы атап өтті.

Қазіргі кездегі қоғамдық өзгерістер, ашық ақпараттық кеңістікке өту, қоғамның ақпараттануы, өркениеттік деңгейге көтерілуі кітапханалардың да жаңа бағытта жұмыс істеуін талап етеді. Кітапханада жаңа инновациялық бағытта жұмыс жүргізіліп, оқырмандарға әлемдік ақпараттық Интернет жүйесінен ақпарат алуына жағдай жасалынып, ақпараттық технологияларды дамыта отырып, электронды және бейне басылымдар мен қолжазбаларды, ғылым мен білімді ақпаратпен жедел қамтамасыз етіліп отырылады және қызмет көрсетіледі. Оқырмандар арасында өткізілетін көпшілік шараларда интерактивті тақта, экран, проекторды пайдаланылып, оқырмандар өз сұраныстары бойынша мультимедиалық материалдарды қарап, электронды оқулықтарды еркін пайдаланып, бейнефильмдер, рефераттар, техникалық анықтамалар, дыбысты көрнекіліктер арқылы өз білімдерін терең, сапалы дамыта алады.

«Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламасы, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласынан туындайтын міндеттерін жүзеге асыруда мәдени құндылықтарды, дәстүрлерді сақтап, жастарды қазақстандық патриотизмге тәрбиелей отырып, өзіміздің тарихымызды, тіліміз бен мәдениетімізді, әдебиетімізді заманына, ағымына лайық насихаттау кітапханашылар міндеті. ҚР-ның мәдени саясатының тұжырымдамасы туралы ҚР Президентінің 2014 жылғы 4 қарашадағы №939 Жарлығында әлеуметтік маңызы бар басылымдар бағдарламасы бойынша шығарылған кітаптар электронды жүйеге енгізілуге тиіс делінген. Яғни, кітапхана қорларын цифрландыруды қамтамасыз ету қажет. Осыған орай, аудандық кітапханада сандық түрге көшірілген құнды сирек кездесетін әдебиеттер саны 41 дананы құрап отыр. Елбасымыз «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласының 18 тапсырмасында 2012-2013 жылдары Қазақ Ұлттық электронды кітапханасының қорын ұлғайтуды қамтамасыз ету жоспарын әзірлеу міндетін жүктеген еді. Осыған орай, Іле ауданында жергілікті 24 автормен келісім-шарт бекітіліп, 36 шығармасының е-кө-шірмесі жасақталып жалғасын тапты. Жергілікті ақын Рахман Жарықбаевтың еңбектері көш бастап тұр. Автордың 8 шығармасы экранда ұсынылады, оны www.kazneb.kz сайтынан оқи аласыздар.

2018 жыл Елордамыз Астананың 20 жылдығын атап өтетін мерейтойлы жыл. Бас қаламыздың қалыптасуы және Еуразияның маңызды даму орталықтарының қатарына қосылуы – баршамыздың ортақ мақтанышымыз. Заманауи технологиялар жылдам өсіп келе жатқан мегаполистің проблемаларын тиімді шешуге жол ашады», – делінген Жолдауда.

Астананың мерейтойы – ел өміріндегі аса ірі оқиға. Астана – Қазақ елі болашағының каласы. Мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы. Аудан, ауыл кітапханашылары Елорданың – 20 жылдығына орай, «Мәңгілік елдің мақтанышы – Астана» атты көрме-инсталляция ұйымдастырылып оқырмандарға насихатталуда.

Жүректегі ойға қозғау салып, алға жетелеген міндеттер әр кітапханашының өзіндік қолтаңбасын қалдырып, ел руханияты мен мәдениетінің дамуына үлес қосуға жаңаша қарқын еселейтінін сеніммен айта аламыз.

 

 

Автор: М. ЖӘБИЕВА, Іле аудандық кітапхана директоры