Новостной портал общественно-политического еженедельника "Иле-Таны"
Главная
Главная
ru kz
Илийский районный общественно-политический еженедельник
ГлавнаяНовостиОбществоКӨК БАЙРАҒЫН КӨТЕРГЕНМЕН БІРДЕЙ ҚУАНЫШ
12 Февраля 2018

КӨК БАЙРАҒЫН КӨТЕРГЕНМЕН БІРДЕЙ ҚУАНЫШ

Астана - тәуелсіздіктің бесігі

 

Ұшқан құстың қанаты талып, шығыстан шыққан күн батысына әрең жететін кең жазиралы даланы мекен еткен «қазақ» деген іргелі елміз. Ғасырлар бойы бағы мен соры кезектесе отырып, досқа ақ пейілін, қасқа найзасын, дауға қылышын сілтеген, тағдыры қаншама рет тағдыр таразысына түсіп, қыл үстінде тұрса да «құт дарып, қыдыр қонған» туған елді көздің қарашығындай сақтай білген елміз.

«Ерлік – ұрпаққа ұран, елге – мұра» деген дуалы ауыз бабалар өсиетін бойына дарытқан халқымыз азамат ұлдар тәрбиелеуге де зор көңіл бөлді. Бұған Абылайдан кейін қолымыздан сусып кеткен тәуелсіздіктің туын ұстап қалу үшін, халықтар достығын, татулықты, ынтымақтастықты күшейтетін елді бастар ер керек еді. Еңселі ел болу елін дауға, жерін жауға бермейтін білікті басшы керек еді. Сөз қадірін, ер қадірін білген Төле би бабамыз: «Басшысы болмаса ел жетім», – деген. Ғасырлар бойы күрестер мен жеткен тәуелсіздікті баянды ету – Нұрсұлтандай Елбасымыздың еншісіне тиді. Сөйтіп, 1990 жылдың сәуірінде Республиканың Жоғарғы Кеңесінің ұйғаруымен Қазақ КСР-нің Тұңғыш Президенті болып Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы  сайланды. «Қазіргі кезде дүние жүзінде ірі де өте ықпалды бес-алты саясаткер бар, олардың бірі – Назарбаев», – деген болатын Маргарет Тэтчер. Халықтың талап-тілегін ескере отырып, өз шешімімен дүние жүзі елдеріндегі атом қаруын сынайтын Семей, Капустин-Яр сияқты полигондарды жауып, бейбітшілікті сүйетін халқын алаңдатқан атом қаруын сынауға тосқауыл қойды. Елбасының негізгі мақсаты – ел бірлігін сақтау деп түсінеміз. Оның әр сапарынан, әр кездесуінен осыны аңғаруға болады. Көп ұлтты Қазақ елі ынтымағы орнаған халықтар достығы еліне айналып отыр.

Н.Назарбаев: «Жаңа Астана – тарихи оқиға. Бұл елдің өз тәуелсіздігін алып, көк байрағын көтергенмен бірдей қуаныш» деген болатын. Астана күннен күнге құлпырып өзінің рухани келбетін жаңартып, көз тартар алып ғимараттарымен жыл сайын өркендеуде.

 

Автор: Өз тілшіміз