Новостной портал общественно-политического еженедельника "Иле-Таны"
Главная
Главная
ru kz
Илийский районный общественно-политический еженедельник
12 Февраля 2018

ӨРЛЕУ ӨЗЕГІ

М.Мақатаев атындағы №13 орта мектебінде мұғалімдер арасында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы талданды. Жаңаша форматта бұл жиынды ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері С. Сейсепова, Г. Усимбекова, Ж.Жомартқан тікелей телевизиялық жаңалықтар үлгісімен үш тілде бастады. Сөз тікелей эфирге келген қонақтарға берілді. Олар: Қазақ тілі бірлестігінің жетекшісі Р.Өткелбаева: «Ақылды технологиялар» агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі: егін егу, шикізатты қайта өңдеу, аграрлық ғылымды дамыту, жаңа технологияларды трансферттеу, отандық өнімді халықаралық нарыққа шығару, әлемге танылатын «Қазақстанда жасалған» табиғи азық-түлік брендін қалыптастыру, жерді барынша тиімді игеру керек деп атап көрсетті. Тарих пәнінің мұғалімі Қ. Дюсебаев. Көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру, транзиттен түсетін табысты 5 миллиардқа жеткізу, интеллектуалды көлік жүйесін енгізу, автожолдардың жергілікті желісін жөндеу, құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу мәселелеріне тоқталды. Бастауыш сынып мұғалімі Г.Беркімбаева өз сөзінде былай деді.

Адами капитал-жаңғыру кезеңі білім берудің жаңа сапасы. Орта білім беру саласында жаңартылған мазмұнға көшу басталды, ол 2021 жылы аяқталады. Педагогтарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру жолдарын қайта қарау, білім беруде математика және жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасын күшейту керек. Қазақстандықтардың болашағы – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруінде. Латын әліпбиіне көшу бұл мәселені реттеуге мүмкіндік береді. 2016 жылдан бері жаңартылған бағдарлама бойынша орыс тілі қазақ мектептерінде 1-сыныптан бастап оқытылып келеді. Біздің барлық түлектеріміз елімізде және жаһандық әлемде өмір сүріп, жұмыс істеуі үшін қажетті деңгейде үш тілді меңгеретін болады. Цифрлық білім беру ресурстарын дамыту, кең жолақты Интернетке қосу және мектептерімізді видеоқұрылғылармен жабдықтау жұмыстарын жалғастыру қажет. Сонымен қоса, халықтың өмір сүру ұзақтығының өсуіне және медициналық технологиялардың дамуына байланысты медициналық қызмет көрсетуге деген сұраныс көлемі арта түсетін болады. Еңбек нарығының тиімділігін қамтамасыз етіп, әрбір адамның өз әлеуетін іске асыру үшін жағдай жасаудың маңызы зор. Барлық негізгі мамандық бойынша заманауи стандарттар әзірлеу қажет. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ж. Жомартқан «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі», «Сот және құқық қорғау жүйелерін институционалды тұрғыдан өзгерту» жайында ой өрбітті.

Сонымен жиын қорытындысы бойынша ДТІЖО А. Жабел слайд көрсетсе, мектеп директоры Ғалия Нәдірбекова алдымызда тұрған Елбасының 10 міндетіне тоқталып, білім беру саласына бағыттала айтылған тұстарын және ұлттық сананы жаңғырту керек екенін атап өтті. Енді Жолдау ата-аналар жиналысында, әр сыныптарда талдану керек екені айтылды.

 

Автор: А.ЖАБЕЛ, М.Мақатаев атындағы №13 орта мектебінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары