Новостной портал общественно-политического еженедельника "Иле-Таны"
Главная
Главная
ru kz
Илийский районный общественно-политический еженедельник
ГлавнаяНовостиОбщество«НҰР ОТАН» НАҚТЫ ІСТЕР ПАРТИЯСЫ
2 Марта 2018

«НҰР ОТАН» НАҚТЫ ІСТЕР ПАРТИЯСЫ

Ауданымыздағы барша нұротандықтарды партияның туған күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бүгінде «Нұр Отан» партиясының еліміздің ең басты саяси күшіне айналған партия екені сөзсіз. Айта кетсек, 1999 жылдың 1 наурызында жаңа партияның І-құрылтай съезі өтіп, онда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев партияның төрағасы болып сайланды. Одан бөлек, саяси кеңес пен Орталық тексеру комиссиясының құрамдары бекітіліп, партияның Жарғысы қабылданды. Сондай-ақ, съезд делегаттары «Отан» республикалық саяси партиясы, Қазақстанның Халықтық бірлік партиясы, Қазақстан демократиялық партиясы, Қазақстан либералдық қозғалысының бірігуі туралы тарихи маңызға ие Резолюцияны қабылдады.

Осы жылдар ішінде партия Елбасының басшылығымен Қазақстанымыз сенімді түрде алға жылжу үшін, Тәуелсіздігіміз нығая түсу үшін, қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді сақтау үшін, барлық қазақстандықтардың игілігінің арта түсуі үшін халықпен бірге қажымай-талмай жұмыс істеуде.

Құрметті нұротандықтар! Қажырлы еңбектеріңіз бен Қазақстан халқына сіңірген қызметтеріңіз үшін, сіздерге мықты денсаулық тілейміз, Отанымыздың игілігі үшін жұмыстарыңыздың табысты да жемісті болуына тілектеспіз!

Автор: Қ. МЕДЕУОВ, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы