Новостной портал общественно-политического еженедельника "Иле-Таны"
Главная
Главная
ru kz
Илийский районный общественно-политический еженедельник
ГлавнаяНовостиСпортАлматы облысының құрамасы әлем чемпионатында 7 жүлделі орынға ие болды
20 Марта 2018

Алматы облысының құрамасы әлем чемпионатында 7 жүлделі орынға ие болды

Ағымдағы жылдың 27 ақпаны мен 6 наурызына дейін БАӘ-нің астанасы Абу-даби қаласында джуи-джитсудан әлем чемпионаты өтті. Оған Алматы облысынан 16 спортшы қатысып, 7-уі жүлделі орынды иеленді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Қазақстан Республикасының Халықаралық дəрежедегі спорт шебері Сыдыков Тимур баяндады.

Аталмыш жарыс жастар арасында өтіп, оған 40 мемлекеттен 1000-нан аса спортшылар қатысқан. Чемпионат Халықаралық джуи-джитсу федерациясы бағытындағы файтинг-систем, неваза-систем, дуо-систем түрлері бойынша өткізілді.

Жарыстың екінші күнінде-ақ Жетісулық Қанатбек Аслан 60 кг салмақ категориясы бойынша джуи-джитсудан файтинг-систем түрінен әлем чемпионы атанды. Еске салайық, 2017 жылы Грецияда Аслан 55 кг дейінгі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанған болатын.

«Осы чемпионатқа бару үшін де көп турлардан өттік. Дайындық пен төзімділікті талап ететін бұл спорт түрі мені көп жақсы қасиет жинауыма себепкер болды десек те болады», - дейді Қанатбек Аслан.

Айта кету керек, чемпионатта төмендегідей спортшылар бағын сынап, жеңіске жетті. Мәселен, Сарсенұлы Санат 2 орын, Нұрмұхамбетов Жандос, Сарсенұлы Самат, Джамалдинов Мугдан, Тоқтасын Маржан және Нұртөлеу Айым 3 орынға ие болды.