Новостной портал общественно-политического еженедельника "Иле-Таны"
Главная
Главная
ru kz
Илийский районный общественно-политический еженедельник
6 Апреля 2018

ҰЛЫ ТҰЛҒА МҰРАСЫ

1988 жылы 21 ақпанда Астана қаласында облыстық өлкетану музейінің бір бөлімі ретінде ашылған. Мұражай Есілдің оң жағалауында, Астана қаласының көне қапталында С. Сейфуллин мен М.Әуезов көшелерінің қиылысында, ағаштан салынған ескі үйде орын тепкен.

Мұражай жанына ақынның ескерткіші орнатылған. Тарихи архитектуралық ескерткіш саналғанымен, мұражайдың сыртқы көрінісі бүгінгі жаңа құрылыстар ансамбліне ұқсас. Сейфуллин мұражайында кіре беріс зал есігіне қарама-қарсы қабырғаға кеңестік қуғын-сүргін құрбандарына арнап тоқылған кілем-гобелен ілінген. Қабырғаны тұтастай алып тұрған бірегей полотноның орта тұсында Сәкеннің гипстен жасалған бедерлі бейнесі, етегінде гүл шоғыры бейнеленген. Кіре берістегі оң қанатта «Сәкен мен Ақмола» аталатын фотокөрме бүгінгі Астана өмірімен астасып, Елорданың ертеңгі болашағынан елес береді.

 

Сәкеннің туған жері – Қарашілік көрінісі, әке-шешесінің бейнелері, жастық шағы өткен, оқыған, білім алған елді мекендердің, Қараөткел мен Ақмоланың сол тұстағы көріністері бедерленген. Мұражайдағы мұрағат, құжаттар мен Сәкеннің қолжазбалары, тұтынған сия-сауыты, қаламсаптары, кітаптар мен газет-журналдар, тағы басқа құнды жәдігерлер 6 залда көрініс тапқан. Солардың ішінде кезіндегі мемлекет басшысы Л. Мирзоян сыйға тартқан жазу машинкасы ерекше көзге түседі. Сондай-ақ С. Сейфуллиннің көзі тірісінде жарық көрген кітаптар топтамасы, фотосуреттері мұражай төрінен орын тепкен. Мұражайда Сәкен төңі-регіндегі тұлғаларға қатысты құжаттар мен жәдігерлер жиынтығы топтастырылған. Б. Майлин, І. Жансүгіров, А. Байтұрсынов, Ш. Құдай-бердіұлы, тағы басқа қаламгерлерге байланысты деректер тізбегін, Ақан сері, Біржан сал, Балуан Шолақ, үкілі Ыбырай, Қажымұқанға қатысты мағлұматтарды табуға болады. Ақын Ш.Иманбаева мен башқұрт жазушысы Ғ.Шәріповаға қатысты, орыс жазушысы, қуғын-сүргін құрбаны Г. Серебрякованың Сәкенге қатысты деректері мұражай қорында сақтаулы. Мұражайда Сәкеннің өмірі мен шығармаларын зерттеген ғалымдардың еңбектері де жинақталған.