Новостной портал общественно-политического еженедельника "Иле-Таны"
Главная
Главная
ru kz
Илийский районный общественно-политический еженедельник
ГлавнаяНовостиОбществоТАЛДЫҚОРҒАНДА «STARTUPBOLASHAK – МЕНІҢ АРМАНЫМ» БИЗНЕС-ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТКІЗІЛМЕК
11 Апреля 2018

ТАЛДЫҚОРҒАНДА «STARTUPBOLASHAK – МЕНІҢ АРМАНЫМ» БИЗНЕС-ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТКІЗІЛМЕК

Аталмыш байқау республикалық деңгейде ұйымдастырылып отыр. Оның іріктеу кезеңі Павлодар облысынан бастау алды. Оған 16 мен 35 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ғылыми зерттеу нәтижелерін коммерциялизациялау офисінің директоры Дигай Дамир баяндады.

Байқау өмір сапасын арттыруға, еліміздің әлеуметтік-экономикалық өміріне технологияларды енгізуге және жас кәсіпкерлердің бизнес бастамаларын қолдау мақсатында өткізілмек.

««StartupBolashak – Менің арманым» байқауы жастарға тағы бір мүмкіндік. Себебі, олар өз идеяларын жобаға айналдыра алады. Оларды сондай-ақ, тәлімгерлер мен ұстаздар қосымша оқытып, дұрыс бағыт-бағдар береді. Жалпы байқау 5 кезеңнен тұрады. Аймақтық іріктеу, яғни аймақтардан идеялар іздеу. Үш күн бойы өтікізілетін тренингтерге қатысып, менторлар көмегін алу мүмкіндігі. Ширек финал – Республикалық Startup Weekend. 16 аймақтан жиналған ең үздік 500 жоба авторлары Қазақстанның алдыңғы қатарлы кәсіпкерлерінің қолдауына ие болады. Жартылай финал – 100 үздік жоба 2018 жылдың шілдесінде өтетін жазғы кубок аясында ойнатылатын жүлдеге таласады. Финал – «Менің арманым» ТВ-шоуы. Республикалық Demo Day. Қазақстанның барлық аймағынан жиналған 50-ден астам жобаның авторлары өз идеяларының қаржыландыруға тұралық екенідігін инвесторлар мен бизнес-періштелерге дәлелдеуі керек және қорытынды кезең аймақтық Demo Day. Қазақстанның 16 аймағында акселерациялық бағдарламаны қорытындылау», - дейді Д.Дигай.

Айта кету керек, «StartupBolashak - Менің арманым» байқауы облыс орталығы Талдықорғанда 25-27 сәуір аралығында өткізіледі