Новостной портал общественно-политического еженедельника "Иле-Таны"
Главная
Главная
ru kz
Илийский районный общественно-политический еженедельник
ГлавнаяНовостиИндустриализацияЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЫРЫС АЛДЫ
13 Апреля 2018

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЫРЫС АЛДЫ

Өткен аптада ауданымызға Татарстан Республикасы, Сабинск муниципалды ауданының басшысы Минниханов Раис Нургалиевич бастаған делегация екі күндік ресми сапармен келді. Мәртебелі меймандар аудан басшысы Қыдыркелді Медеуовпен кездесіп, екі аудан арасындағы іскерлік қарым-қатынас туралы әңгімеледі. Кездесу барысында аудан басшысы елшілерге аймақтың экономикалық дамуы және екі жақты ынтымақтастықты жетілдіру бағыттары жайында хабардар ете отырып, өзара ынтымақтастық орнату үшін меморандумға қол қойды. Сондай-ақ, өңірде кен өндіру өнеркәсібіне, ауыл шаруашылығы, соның ішінде астық, медициналық өндірісіне ерекше ден қойылып келе жатқандығын жеткізді.

Мұнан соң ауданымыздағы білім саласы, ғылыми-инновациялық бағдарламалар мен жаңаша оқыту жүйесі жайлы сөз қозғады. Өз кезегінде Минниханов Раис Нургалиевич екі ел мен екі аудан арасындағы қарым-қатынастың негізі осыдан жиырма бес жыл бұрын бастау алғанын атап өтті. «Содан бері Татарстан Республикасы мен Қазақстан арасындағы әріптестік байланыстың қарқынды дамып келе жатқаны рас», – деді. Жалпы, делегация ауданымыздағы өнеркәсіп орындарын аралап шығып, шикізат өнімдерімен алмасуға келісім-шартқа отыруға ниет білдірді.

Сапарымыздың басты мақсаты – білім, мәдениет саласында өзара ынтымақтастық қарым-қатынас орнату. Бүгінде Қазақстан мен Татарстан арасында саяси, іскерлік, экономикалық және мәдени салаларда ерекше өзара байланыс қалыптасты деп айта аламыз. Татарстан сапалы біліммен, оқу бағдарламаларының әр алуандығымен ерекшеленеді. Біздің аудан алдағы уақытта Қазақстандағы жоғары оқу орындарымен тығыз байланыста жұмыс істегіміз келеді», – деді Р. Минниханов.

 

Автор: Бағдат ЧОЙБАСОВ