Новостной портал общественно-политического еженедельника "Иле-Таны"
Главная
Главная
ru kz
Илийский районный общественно-политический еженедельник

Личность

БІР КІТАПТЫҢ ІЗІМЕН
Кітапханаға барып керек кітабыңды қиналмастан табуыңа көмектесетін кітапханашының жұмысы да оңай емесін көбіміз аңғара бермейміз. Таңның атысы мен күннің батысына дейін кітапқа үңілген бұл мамандықтың да қиыны мен қызығы қатар жүреді. Кішкентай күнінен қызығып, кітаптарды ақтарған Қуаныш Қаматаева да бүгінде өз ісінің маманы. Жарты ғұмырын өзі сүйген ісіне арнаған және бұл таңдауына еш өкінбейтінін айтты.
​АБЫЗ АҚСАҚАЛ, АҢЫЗ АДАМ
​Ел еңсесін көтерер, тәуелсіздігімізді тұғырлы етер, саяси мәні бар жұмыстарға атойлап кеп белсене араласып, хан базардың бел ортасында жүретін, таудан түспей, қайта заңғар биікке қарай құлаш сермейтін дана қарттар, ақылман абыздар ілуде біреу болса, сорының бірі де, бірегейі – Нұрмұханбет Қасымұлы Қасымов! Іле ауданының Әли ауылында туып-өсіп, 14 жасынан еңбекке араласып, соқа айдап, жер жыртып, егін егумен айналысқан Нұрмұханбет ағамыздың мал шаруашылығы саласындағы өмірлік тәжірибесі де бір дастанға арқау боларлықтай дүние. Туған ауылына туын тігіп, кіндік қаны тамған қасиетті жердің ыстығына күйіп, суығына тоңып, еңбегімен құрметтің төріне көтеріліп, 90 атты заңғар биікті бағындырған абыз ақсақалдың аудан үшін аңыз адам екендігі сөзсіз. Өйткені, оның жүріп өткен еңбек жолы, өмір белестері бүгінгі ұрпақ үшін шежірелі тарих, ақиқатқа айналған аңыз. Аудан халқы осындай абыз ақсақалымен, аңыз адамымен мақтанады.
СВЕТЛАНА НУРГИСАЕВА: «Я УВИДЕЛА СЕЛО,ОДНОСЕЛЬЧАН С ДРУГОЙ СТОРОНЫ»
Глава государства, выступая на очередном, XVI съезде партии «Нұр Отан», выдвинул пять институциональных реформ для укрепления государственности. Местный представительный орган власти, каким является Илийский маслихат, вносит свою лепту в процесс демократизации обще-ства, передачи многих функций на места, подотчетности государственных органов населению.
ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ МОЛ ЖҮГІН АРҚАЛАҒАН
Жігітке жеті өнер де аз демекші, менің қалам тербетейін деп отырған тұлғаның бойынан бәрін табуға болады. Ер азаматты еліне, жеріне жасап келе жатқан еңбегіне, ауылының қамын ойлап атқарған қоғамдық жұмысына қарап бағалайсың. Халқына арнаған жұмысы, айналасындағыларға жасаған жақсылығы ер азаматты қашанда абыройға бөлеп, мерейін асқақтатады. Ол қай істі қолға алмасын, жанын сала кіріседі. Атқарған жұмысының нәтижесін көрмей жаны байыз таппайды. Біздің әңгімемізге арқау етіп алған Жарқынбеков Сұлтан Данашұлы Іле аудандық әкімі ішкі саясат бөлімінің басшысы. Мемлекеттік қызметкерге жүктелетін міндеттің де, қойылар талаптың да жүгі ауыр екендігі баршамызға аян. Соған қарамастан Сұлтан Данашұлы педагогика саласында оқулықтар мен әр түрлі тақырыптарда өлең жазуға, мәдени шаралардың сценарийлерін жасауға да уақыт табады.
ЖІГЕРІ ЖАСЫМАҒАН  ҚАЙСАР ЖАН
Ішкі жан дүниесі бай, ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты, құндылықтарды бойына сіңірген, заман талабына, уақыт ағымына сай өмір сүре алған, қоғамның кез-келген жағдайында белсенділік танытқан, кісілік пен кішіліктің ара салмағын тең ұстай білген, өзіндік көзқарасы мен пікіріне адал атпал азаматтың бірі әрі бірегейі – ӘМЗЕ ӘЛДИБЕКҰЛЫ ИСАЕВ.
<<
1
2 3 4 5 6 >>