Новостной портал общественно-политического еженедельника "Иле-Таны"
Главная
Главная
ru kz
Илийский районный общественно-политический еженедельник

Культура

САРЫТАУҚҰМНЫҢ САРЫ АЛТЫНДАЙ САЗЫ-АЙ
Өткен аптада КазЦИК ауылдық округіндегі Комсомол ауылындағы №31 орта мектепте Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «25 жұлдызды күн» жобасы аясында «Қазағымның ән-күйімен Тәуелсіздік таңы атты» халықтық «Сарытауқұм» ансамбліне 35 жыл толуына орай ән-сазды кеші өтті. Оған аудан әкімінің орынбасары Д Жүнісов қатысты. Онда сарытауқұмдықтар әнмен әрлеп, мың бұралған биімен көпшілікті таңдандырды.
ЖҰЛДЫЗДАРЫҢЫЗ ЖАРҚЫРАП ЖАНА БЕРСІН
Еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Төрткен Кененқызының 80 жасқа толуына орай, «25 мәдени жарқын іс» акциясы аясында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен аудандық Әлібек Нұрқожа атындағы халық ансамблі және аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен марқұм Әлібек ағамыздың кіндік қаны тамған жері Есік қаласында «Ән жырым саған - Тәуелсіздік» атты концертін өткізді.
ОН ЖАСҚА КЕЛГЕН «ІЛЕ САЗЫ»
Өткен аптада ілеліктер Өтеген батыр кентіндегі №24 лицейінде «Іле сазы» балалар мен жасөспірімдер ансамблінің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және ансамблдің 10 жылдық мерейтойына арналған «Тәуелсіз Қазақстаным!» атты концертін тамашалады.
ЕҢ ҮЗДІК ОТБАСЫ АНЫҚТАЛДЫ
Ұлттық салт-дәстүрлерді сақтау, отбасы тәжірибесін насихаттау, «Отбасы» құндылығы туралы түсініктерді, отбасы туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге, отбасы игілігі үшін талмай еңбек етуге үйрету, отбасының қадір-қасиетін ұғынып, бір-біріне деген сүйіспеншілігін аттырып, бағалай білуге ұғындыру мақсатында, 6 қазан күні Чапаев ауылындағы Мәдениет үйінде «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» партиялық жобасы аясында бастауыш партия ұйымдары арасында аудандық «Ең үздік отбасы» байқауы өткізілді.
<< 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
13
>>