Новостной портал общественно-политического еженедельника "Иле-Таны"
Главная
Главная
ru kz
Илийский районный общественно-политический еженедельник

Спорт

5 Января 2018 | Спорт | Новости района
ЖАС СПОРТШЫЛАР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
ҚР ҚК ӘҚК Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің басқармасымен қамқорлыққа алынған Жетіген ауылының Каратэ-до Шотокан Ұлттық федерациясының «Сёгун» (жапон тілінен генерал бас қолбасшы) – атты әскери-спорттық клубының спортшылары Шымкент қаласында өткен Каратэ-до Шотокан Қазақстан Республикасының Кубогына қатысты. Аталған жарыс 2017 жылдың 18-24 желтоқсан аралығында өтті. Осы аралықта Каратэ-до Ресей Федерациясы құрамының аға бапкері, төртінші данды қара белдік иегері Элдарушев Исламутдин Русланович семинар жүргізді. Өткізілген семинарға «Сёгун» клубының және де мемлекетіміздің басқа да аймақтарынан келген жас спортшыларымыз жеке бас спорттық тәжірибелерін арттырып, жетік меңгеріп, сертификаттарға иеленді. Бұл дегеніміз спортшыларымыздың сана-сезімінде, жадында лайықты орын алады. Болашақта осы алған білім-тәжірибелері жаңа белестерге жетулеріне себепші болатыны анық.
1 Января 2018 | Спорт | Новости района
КӨПТІҢ БІРІ ЕМЕС, КӨШТІҢ АЛДЫНДА
Өткен жылы спорт саласынан оның ішінде  джиу-джитсу және грепплинг саласынан үздік нәтижеге қол жеткізген Ащыбұлақ ауылдық округі, Түймебаев ауылындағы  «Сағадат батыр» спорт клубы туралы көп жаңалық айтуға болады.
ҮШ ДҮРКІН «АЛТЫН ҚОЛҒАПТЫҢ» ИЕСІ
КазЦИК ауылының тумасы жерлесіміз Елдана Талипова қараша айында Тараз қаласының «Тараз» аренасында өткен дәстүрлі республикалық турнирінде І-орын алып, ІІІ-дүркін «Алтын қолғап» жүлдегері атанса, көп күттірмей-ақ Украинаның Надвирно қаласында қыздар арасындағы халықаралық «Корпаты» кубогына арналған жарыста 75 кг салмақта Украиналық қарсыласын І-раундтың 20 секундында-ақ накаудқа жіберіп, «Корпаты» кубогін иеленді.
22 Декабря 2017 | Спорт | Новости района
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР КҮШ СЫНАСТЫ
Өтеген батыр кентінде орналасқан балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спорт залында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру шеңберінде, 6-шы желтоқсан Прокуратура күні мерекесіне орай, мекеме қызметкерлері арасында шағын футболдан аудандық жарысы өткізілді. Жарысқа 9 команда қатысты.
22 Декабря 2017 | Спорт | Новости района
БОРАЛДАЙЛЫҚ БОКСШЫ АЛИ АХМЕДОВ – ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ WBC ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ!
Боралдай кентінде туып-өскен Али Богадинұлы Ахмедов 6 жасынан бастап бокспен айналысты. Алтын ұя білім ордасы, кентіміздегі №15 орта мектепке тарыдай болып кіріп, таудай болып шыққан бозбала Али жастайынан өзінің алдына мызғымас мақсат қойып, адастырмас арманына жетеріне сенді.  Міне, бүгінде жігіт Али сол армандарын бағындырып, мақсаттарын орындап, өткен аптада АҚШ-тың Техас штатында өткен жекпе-жекке шығып, осы күнге дейін жеңіліп көрмеген қарсыласы америкалық Дешон Уэбстерді ойсырата жеңді.
<< 1
2
3 4 5 6 7 >>