Новостной портал общественно-политического еженедельника "Иле-Таны"
Главная
Главная
ru kz
Илийский районный общественно-политический еженедельник
ГлавнаяНовостиРухани Жаңғыру

Рухани Жаңғыру

АҚПАННЫҢ АҚ ТАҢЫН ЖЫРМЕН АШҚАН
Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру мақсатында аудандық ішкі саясат басшысы С.Жарқынбековтың ұйымдастыруымен «Менің Мұқағалиым» атты аудан көлемінде ақиық ақын М. Мақатаевтың өлеңдерін сүйіп оқитын мектеп оқушылары мен ұстаздары арасында жыр мүшәйрасы өтті.
ЖАСТАРҒА ЖҮКТЕЛГЕН МІНДЕТ ЖОҒАРЫ
«Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» аясында жер-жерде талдау, талқылау, іске асыру жұмыстары тиянақты іс-шаралармен жүріп жатуы – ұлт санасының саяси мәдени тұрғыда өсіп келе жатқаның байқатады. Мысалы, Байсерке ауылында №28 мектеп-гимназия базасында Парламент Мәжілісінің депутаты, Ауған соғысының ардагері Бақытбек Смағұлмен кездесу өткізілді.
МАРАЛТАЙ АҚЫН ЖЫР ЖАНАШЫРЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы аясында Қазақстан Жазушылар Одағы басқарма төрағасының орынбасары, ақын Маралтай Райымбекұлы Байсерке ауылындағы №9 орта мектепке арнайы шақыртумен атбасын тіреді.
МАҢЫЗДЫ ҚҰЖАТТАР КӨРСЕТІЛДІ
Елбасы Н.Назарбаев «Рухани жаңғыру» бағдарламасындағы латын әліпбиіне көшу реформасын қолдау, үгіт-насихат жұмысын жүргізу мақсатында 2017 жылдың қараша айында Талдықорған қаласында бастау алған «Латын әліпбиіне – рухани жаңғырудың негізі» атты архив құжаттарының көшпелі көрмесі Іле филиалының ұйымдастыруымен 2017 жылдың 14 желтоқсанында Іле ауданының Мәдениет үйінде өз жалғасын табуда. Онда 1928 – 1941 жылдары аралығында латын графикасымен жазылған маңызды архив құжаттары көпшілікке көрме ретінде көрсетілді. 
РУХ ЖАҢҒЫРАР ЖАҢА ДӘУІР
Желтоқсан айының 12 күні М.Мақатаев атындағы №13 орта мектепте «Рухани жаңғыру – ұрпақ сабақтастығы» атты әдеби сазды кеші өтті. Кеш басталмас бұрын метеп білімгерлері осы мекеменің ішін аралатып, 2017-2018 жылдар аралығындағы жетістіктерімен таныстырды. Айта кетсек, облыстық «Дарын» ғылыми жоба бай-қауына 12 оқушы қатысып, Перизат Абдрашид II-орынды, Танзиля Жақсылық III-орынды, Карина Садуақас III-орынды иеленген. Одан келе Мұқағали Мақатаевтың құрметіне жасалған музеймен таныстырды. Онда ақынның ойнаған шахматы, кітаптары қойылған екен.
<<
1
2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 >>