Новостной портал общественно-политического еженедельника "Иле-Таны"
Главная
Главная
ru kz
Илийский районный общественно-политический еженедельник
ГлавнаяНовостиАстана – золотая колыбель Независимости

Астана – золотая колыбель Независимости

Жер жаһандағы сұлу шаһар Астанаға 20 жыл
Елбасы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған жаңа Жолдауында «2018 жыл – елордамыз Астананың 20 жылдығын атап өтетін мерейтойлы жыл. Бас қаламыздың қалыптасуы және Еуразияның маңызды даму орталықтарының қатарына қосылуы – баршамыздың ортақ мақтанышымыз» деп айтқан болатын. Осыған орай Талдықорған қаласының Журналистер үйінде Елорданың 20 жылдық мерейтойы қарсаңында «Астанаға 20 жыл» атты фотокөрме өтті.
Астананың көркеюіне үлесін қосқан Жетісулық 10 тұлға
Астанада Жетісудан шыққан 10 тұлға жайлы бейнефильм түсірілді. Фильм Астананың 20 жылдығына орай, Алматы облысының ішкі саясат басқармасы, Өңірлік коммуникациялар қызметі мен «Жетісу» телеарнасының қолдауымен түсті. Онда 1997-1998 жылдар аралығында Жетісу өлкесінен Елордамыз Астанаға көшіп келген тұлғалардың өмірі баяндалады. Ол тізімде халық қалаулылары, саясаткерлер, өнер адамдары және тағы басқа азамттар мен азаматшалар бар.
С любовью Жетысу: Короткометражные видеоролики были отсняты в Астане
Астана- молодая и процветающая столица, город невероятных архитектурных сооружений. В этом году казахстанцы празднуют ее двадцатилетие. Ровно двадцать лет назад среди степи зародился будущий «город- сад». О том, как менялась столица и ее жители можно узнать, посмотрев короткий документальный видеофильм «10 лиц Астаны», который был снят Алматинским областным управлением внутренней политики и Региональной службой коммуникаций совместно с телеканалом "Жетысу".
ӨЛКЕМІЗДІҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ КАРТАДА КӨРЕСТІЛГЕН
«Атамекен – Қазақстан картасы» этномемориалдық кешені 2001 жылдың 8 қыркүйегінде Астана қаласында Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен ашылды. Мұндай тарихты танытудың үлгілері қазір әлемнің көп елдеріне танымал. Жан жүрегімізді елжіретіп, от жігерімізді лаулатқан Отанымыздың жағрапиясын танып, жас ұрпақты қасиетті мекеннің иесі ретінде сезінеуге үйрететін «Атамекен – Қазақстан картасы» атты этномемориалды кешен құдды бір «оқу құралы» секілді. Алайда бұл картаны қабырғаға ілудің қажеті жоқ, оған мұғалімнің таяқшасы да керек емес.
ҰЛЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ ҮЛКЕН МОНУМЕНТІ
«Қазақ елі» - Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласында орналасқан мәдени-архитектуралық монумент. Монумент 2009 жылы ашылды. Монументтің авторлары - Сәрсенбек Жүнісов және Жаңбыршы Нұркенов. Ақ мәрмәрдан құйылған монументтің биіктігі – 91 метр, бұл – Қазақстан тәуелсіздігін алған 1991 жылдың белгісі. Ал оның басындағы алтын түстес бояумен әрленген алып құс – Самұрық Қазақстанның тыныштығын «күзетіп» тұр. Монументтің түсі – ақ. Ол қазақстандықтардың достыққа адал, бауырмал, ақ ниетін паш етсе керек.
<< 1 2 3 4 5
6
7 8 9 10 >>