Новостной портал общественно-политического еженедельника "Иле-Таны"
Главная
Главная
ru kz
Илийский районный общественно-политический еженедельник
ГлавнаяНовостиАстана – золотая колыбель Независимости

Астана – золотая колыбель Независимости

Астананың соборлық мешіті
Хазрет Сұлтан мешіті — Астана қаласындағы орналасқан мешіт. Дәстүрлі ислам стилінде салынған ғибадат үйі Бейбітшілік және келісім, Тәуелсіздік сарайлары мен «Қазақ елі» монументі сынды айбынды нысандармен іргелес орналасқан. Рухани орын 13 га. жерді алып жатқан аумақта орналасқан, мешіттің жалпы аумағы 17, 7 мың шаршы метрді құрайды. Мешіт жобасы қазақтың дәстүрлі ою-өрнектері мен ұлттық нақыштағы сәндік элементтері қолданыла отырып, классикалық ислам үлгісінде орындалған.
ӨЛКЕМІЗДІҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ КАРТАДА КӨРЕСТІЛГЕН
«Атамекен – Қазақстан картасы» этномемориалдық кешені 2001 жылдың 8 қыркүйегінде Астана қаласында Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен ашылды. Мұндай тарихты танытудың үлгілері қазір әлемнің көп елдеріне танымал. Жан жүрегімізді елжіретіп, от жігерімізді лаулатқан Отанымыздың жағрапиясын танып, жас ұрпақты қасиетті мекеннің иесі ретінде сезінеуге үйрететін «Атамекен – Қазақстан картасы» атты этномемориалды кешен құдды бір «оқу құралы» секілді. Алайда бұл картаны қабырғаға ілудің қажеті жоқ, оған мұғалімнің таяқшасы да керек емес.
ҰЛЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ ҮЛКЕН МОНУМЕНТІ
«Қазақ елі» - Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласында орналасқан мәдени-архитектуралық монумент. Монумент 2009 жылы ашылды. Монументтің авторлары - Сәрсенбек Жүнісов және Жаңбыршы Нұркенов. Ақ мәрмәрдан құйылған монументтің биіктігі – 91 метр, бұл – Қазақстан тәуелсіздігін алған 1991 жылдың белгісі. Ал оның басындағы алтын түстес бояумен әрленген алып құс – Самұрық Қазақстанның тыныштығын «күзетіп» тұр. Монументтің түсі – ақ. Ол қазақстандықтардың достыққа адал, бауырмал, ақ ниетін паш етсе керек.
БІРТУМА ҮЙЛЕСІМДІЛІК
әуелсіздік Сарайы — мемлекеттік ресми іс-шараларды, форумдарды, мәжілістерді, кездесулерді, съездерді өткізу орны болып табылады. Ғимараттың сыйымдылығы, техникалық жабдықталуы, жайлылығы іс-шараларды жоғары халықаралық деңгейде өткізуге және көрсетуге мүмкіндік береді. Ресми іс-шаралармен қатар концерттерді, көрмелерді, мерекелік жиындарды өткізуге барлық мүмкіндік бар.
ЕҢ АЖАРЛЫ ҒИМАРАТТАРДЫҢ БІРІ
Тәуелсіздік Сарайы - мемлекеттік ресми іс-шараларды, форумдарды, мәжілістерді, кездесулерді, съездерді өткізу орны болып табылады. Ғимараттың сыйымдылығы, техникалық жабдықталуы, жайлылығы іс-шараларды жоғары халықаралық деңгейде өткізуге және көрсетуге мүмкіндік береді. Ресми іс-шаралармен қатар концерттерді, көрмелерді, мерекелік жиындарды өткізуге барлық мүмкіндік бар.
<<
1
2 3 >>