Новостной портал общественно-политического еженедельника "Иле-Таны"
Главная
Главная
ru kz
Илийский районный общественно-политический еженедельник

общество

ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығына байқау жарияланды
Талдықорғанда Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында, Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын иеленуге арналған байқау мен «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме байқауына өтінім қабылдау басталғанын хабарлады.
Алматы облысында мемлекеттік қызметкерлер арасында отбасы слеті өтеді
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Алматы облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет басқармасы отбасы құндылықтарын дәріптеу мақсатында «Бақыт жанында» жобасының бастау алатындығын жариялап, Алматы облысы Мемлекеттік қызметкерлерінің отбасы слетін өткізуді жоспарлап отыр.
Телевизия майталмандары Жетісу төрінде
Телевизия саласында отыз жылдан астам уақыт еңбек етіп,журналистика саласының жілігін шағып, майын ішкен, танымал тележүргізуші Қымбат Хангелдина мен Қымбат Досжан, Талдықорған қаласындағы Журналистер үйінде тағлымды кездесу өткізді.
Азаматтарға арналған үкімет «100 нақыт қадам – Ұлт жоспарының» 100-ші қадамын толық орындады
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»  КЕ АҚ Алматы облысы бойынша филиалы 3 жылда 10 млн астам  қызмет көрсетті. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды.
КӨРКЕМ СӨЙЛЕЙ АЛМАУ, МӘДЕНИЕТСІЗДІК
Тіл - халықтың тамыр түбінен таралған ғасырлар тарихы, баға жетпес құндылық, кеуде жылытар мақтаныш, қараңғылықтан құтқарар баспана.Ғабиден Мұстафин: «Түрлі- түрлі байлық бар. Солардың таңдауын берсе, мен тіл байлығын таңдар едім», – деп айтқандай, тілден сенімді ғалам жоқ, бұл кең дүниеде тек тіл мәңгі өмір сүре алады. Біз сияқты мәдениет жемісіне жаңа аузы тиген жұрт үшін ана тілімізде анық сөйлеу- алға қадам басудың негізгі шарты болып табылады.Қазақтың сары- сайран даласы, құйындай екпінді тарихы алдағы толағай табыстармен өрбітілуі тиіс. Тілінен айырылған жұрт - жойылған жұрт. Орамын- бұрамын, кисынын, орайын келтіріп пайдаланса, бұл тілменен сурет салуға, ән айтуға, мәңгілікке есік ашуға болады. Сұлу да көркем ана тілінде сөйлей алмау, оған шұлдырлап-бүлдірлеу, өгейсіну қазақ азаматына мүлде жат нәрсе. Халықтың ең басты мақсаты – асыл мұра сөздерді арзандатып алмау.
<<
1
2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 >>