Новостной портал общественно-политического еженедельника "Иле-Таны"
Главная
Главная
ru kz
Илийский районный общественно-политический еженедельник
ГлавнаяНовости
Алматы облысында жүгері алқабы 79 мың гектарға жеткізілді
Алматы облысында ауыл шаруашылығындағы басым дақылдардың бірі, «Дала аруы» атанған жүгері алқабы 79 мың гектарға жеткізілді. Бұл туралы облыс әкімі Амандық Баталовтың Орталық коммуникациялар қызметінде өткізген брифингі барысында белгілі болды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.  
Алматы облысы республикада ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім көлемі бойынша бірінші орында
Алматы облысы республикада ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім көлемі бойынша бірінші орында. Бұл туралы облыс әкімі Амандық Баталов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг кезінде мәлімдеді, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.    Мәселен, облыста еліміздегі сояның 97%, жүгері мен қант қызылшасының  64%, жеміс-жидектің 37%, көкөністің 25% өсіріледі. Оған қоса аймақ еттің 20% , сүттің 13%, жұмыртқаның 23 процентін өндіріп отыр.
Алматы облысында орталықтандырылған ауыз сумен қамту 86 %-ке жетті
Алматы облысында орталықтандырылған ауыз сумен қамту 86 %-ке жетті. Бұл республикадағы ең жоғарғы көрсеткіш (ҚР- бойынша – 55 %). Бұл мәліметтерді облыс әкімі Амандық Баталов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында айтты, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.  
«ЭКСПО» жобаларының арқасында Алматы облысында қоқыс алаңдары 354-тен 16-ға қысқарады
Астана қаласында өткен Халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесінен кейін Алматы облысында 10 заманауи жоба мен оны жүзеге асыру технологиялары таңдалып алынды. Мәселен, «Қалдықтарды басқарудың өңірлік жүйесі» қанатқақты жобасы іске қосылды. Бұл қайталама материал шығаруды 30 %-ке, қоқыс алаңдардарының санын 354-тен 16-ға дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Бұл мәліметтерді облыс әкімі Амандық Баталовтың Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында айтты, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.  
2020 жылға қарай Алматы облысында газдандыру деңгейі 45 %-ке жетеді
Биылғы жылы «Алматы - Талдықорған» магитсралды газ құбырының құрылысы аяқталды. Қазіргі кезде Алматы облысының 11 ауданында газдандыру жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы облыс әкімі Амандық Баталовтың Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингісінде белгілі болды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.