Новостной портал общественно-политического еженедельника "Иле-Таны"
Главная
Главная
ru kz
Илийский районный общественно-политический еженедельник
ГлавнаяНовости
Алматы облысында 1 558 өрт тіркелді
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің азаматтық қорғау подполковнигі Қатышева Толқын баяндады.          Өрттің болу себептері пештерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ережесін сақтамау, тұрмыстағы электр құралдарын дұрыс пайдадаланбау, ӨҚЕ-ге немқұрайлықпен қарау салдарынан туындайды. Соның ішінде 196 өрт пештерді пайдалану кезінде  өрт қауіпсіздік ережесін бұзу салдарынан туындаған.
Алматы облысында құрылыс-монтаж жұмыстарының басталуына 2093 хабарлама қабылданды
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында  Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Абдыбеков Данияр мәлімдеді.  Өз сөзінде ол өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда хабарламалар саны 2,5 есеге өскендігін айтты. «Өздеріңіз білетіндей, 2016 жылдың қаңтар айынан бастап объектілерді пайдалануға қабылдау жүйесі қайта құрылды. Яғни, осы Заң қолданыстағы объектілерді пайдалануға тыйым салады және объектіні декларативті түрде қабылдау механизмін енгізді. Заң талаптарын бұзғаны үшін 1052 әкімшілік іс қозғалды, оның 223-і сот орындарында жіберілді. Есеп беру кезеңінде әкімшілік жауапкершілікке 152 субъект тартылды, оның ішінде қызметті тоқтату, сараптамалық куәлікті алу және заңсыз салынған объектіні мәжбүрлеп бұзу бар», - деді Д. Абдыбеков.
Журналистер тарихпен танысудың  жаңа әдісін тапты
Өзіңдік тарихымен ерешеленетін мәдени ескерткіштердің бірі «Тамғалы тас» шатқалына БАҚ өкілдері мен Сүлеймен Демирел атындағы  университеттің білімгерлері экскурсияға шықты. Тарихи шатқал Алматы облысының Шу-Іле тауларының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Алматы облысының ішкі саясат басқармасы мен Өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен өткізілген экскурсияның  басты мақсаты мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Сакралды Қазақстан» тізіміне енген облыс аумағындағы киелі, тарихи жерлерімен таныса отырып, Жетісу өңірінің   әлеуметтік және туристік инфроқұрылымын дамыту.
Алматы облысында «Жетісудың жыр керуені» жобасы іске асырылуда
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма басшысы Айдар Башбаев мәлімдеді. Жобаның мақсаты Жетісу жерінде кіндік қаны тамған ақын-жазушыларды көпшілікке таныту, олардың шығармаларын әлеуметтік желілер арқылы ел арасында насихаттау. Жоба ережесі бойынша өзі мәнерлеп оқыған өлеңді бейнежазбаға түсіріп, әлеуметтік желіге салады. Содан өлең оқу кезегін өзі таңдаған оқырманға ұсына отырып, эстафетаны табыстайды дейді ұйымдастырушылар.
В Талдыкоргане началась поэтическая эстафета «Жетысудің жыр керуені»
На площадке региональной службы коммуникаций состоялся брифинг, в ходе которого, руководитель управления по развитию языков Алматинской области Айдар Башбаев, рассказал о стихотворном шарфе эстафеты, который примеряют на себя жители региона, в рамках программы «Рухани жангыру». Стало известно, что право творчески открыть поэтический марафон досталось известному журналисту, ведущему телепередачи «Қарекет», директору областного телеканала «Жетісу» Бейсену Куранбеку. Он прочел своим подписчикам социальных сетей стихотворение «Ләйлә»,  автор когорого уроженец Жетысуского края,  известный поэт Жуматай Жакыпбаев.