Новостной портал общественно-политического еженедельника "Иле-Таны"
Главная
Главная
ru kz
Илийский районный общественно-политический еженедельник
ГлавнаяНовости
16 Февраля 2018 | Общество | Новости района
БІЗ БІЛІММЕН ҮЛЕС ҚОСАМЫЗ
Жаңа жылға қадам басқан бойда, мемлекет басшысы Н.Назарбаев кезекті халыққа жолдауын жеткізді. «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» деген тақырыпқа арналып жазылған мақала, 10 түрлі бағыттан тұрады. Ендігі уақытта алдымызда айқын мақсат, ауқымды міндеттер тұр.
16 Февраля 2018 | Общество | Новости района
ТАҒАЙЫНДАУ
Іле ауданы әкімінің өкімімен Сәтібаев Алмасбек Қожабекұлы Іле ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Сәтібаев Алмасбек Қожабекұлы 1971 жылы дүниеге келген. Республикалық медициналық училищесін, «Дарын» әлеуметтік-гуманитарлық институтын бітірген. Еңбек жолын 1991 жылы Алматы қаласының Мәскеу аудандық санитарлық-эпидемиологиялық станциясында санитарлық дәрігердің көмекшісі ретінде бастаған. Мамандығы – санитар фельдшері, психолог, психология мұғалімі, психолог-заңгер.
16 Февраля 2018 | Общество | Новости района
ҒАСЫРЛАР ТОҒЫСЫНДА ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕН ҒАЖАЙЫП
Қашанда бодан елдің бостандыққа шығуы, мемлекеттік тәуелсіздікке қол жеткізуі оңайға соқпаған. Қатыгездігі шектен шыққан Кеңес Одағының уысынан қазақ елінің аман-есен егемендікке шығуы, біріншіден тағдырдың сыйы болса, екіншіден, азаттық жолындағы құрбандықтардың өтеуі екені күмәнсіз. Қазақстанның азаттық туын көтерген сәттен-ақ жауапкершілігі бұрынғыдан әлденеше ауыр жаңа дәуір басталды. Қоғам жол айрығында тұрды. Жас мемлекеттің шаңырағын шайқалтпау үшін күндіз-түні тынбаған ізденіс Елбасын үш ұлы да, нақты қадамдарға әкелді. Оның екеуі 1994 жылдың, біреуі 1995 жылдың еншісінде.
16 Февраля 2018 | Личность | Новости района
ТЕМІРДІҢ ИЛЕУІН БІЛГЕН, ӨМІРДІҢ ӨРІН ДЕ ЕРТТЕЙДІ
Мерей биігінде ​Ол әкесі Нұрғалидың ұстаханасындағы шыңдалған болатпен бітісе қайнасты. Темірді де илеуге болатынын көріп өсті. Ауыр балғамен қола төске құлаштап соққандағы өне бойынан шығатын ащы тер, адал еңбектің шып-шып шыққан тері екенін сезінді. Өз білімімен қарапайым жұмысшыдан колхоз директорына дейін өскен еңбекқор жан. Жұмысты үздіксіз жарты ғасыр бойы істеп келе жатқан, Іле ауданының «Құрметті азаматы», көптеген мадақ мақтаулардың иесі ең белсенді ақсақал Нұролда Нұрғалиев. Әкесі мен ауылдастары үшін жәй ғана Көлке атанып кеткен.
16 Февраля 2018 | Личность | Новости района
ЕҢБЕГІ ЕРЕН АЗАМАТ
Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін мейірімді абзал жандар. «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» демекші, ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ секілді. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған. Сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді. Осындай үлгілі ұстаздардың қатарында бүгінде 70 атты биік асуға көтерілген Құрманжан Жұмабай ағамыз да бар.
<<
1
2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 >>