МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ «МАРАФОН – 2019»
Жастар саясатын дамыту – мемлекетіміз бен қоғамымыздың бүгінгі таңдағы басым бағыттарының бірі. Жастар – еліміздің болашағы. Ертеңгі күні қандай елде және қандай қоғамда өмір сүретінімізді дәл сол жастар айқындайды. Ал қандай да салада жоғары нәтижеге қол жеткізу үшін алдымен салуатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылдану қажет.
2019 жылғы 13 шілде жастар жылына орай, Өтеген батыр ауылында орналасқан аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің орталық алаңында Іле ауданының Әдеп жөніндегі уәкілі және аудандық спорт бөлімімен бірлесе, ауданының мемлекеттік қызметкерлері арасында жеңіл атлетикалық жүгірістен аудандық жарыс өткізілді.
Жарыстың мақсаты мемлекеттік қызметшілер арасында салауатты өмір салтын насихаттау және мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру әрі бұқаралық спортты дамыту, сондай-ақ, Қазақстан республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2018 жылғы Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін одан әрі жетілдіру бойынша, оның ішінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасын іске асыру шеңберіндегі жоспарға сәйкес, мемлекеттік қызметшілерді спорттық шараларға тарту мәселесі қарастырылған.
Аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің орталық алаңында жалауын көтерген жарыста аудан әкімінің ортынбасары А.Сатибаев құттықтау сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі.
Аталған жарысқа кент және ауылдық округ әкімдіктерінен, сондай-ақ мекемелерден 100-ге жуық мемлекеттік қызметкер қатысты.
Жарыстың жекелей есеп қорытындысы бойынша жүлделі орынға ие болған мемлекеттік қызметкерлер аудан әкімінің мақтау қағаздары және медальдарымен марапатталды.
Елбасының «Қазақстан – 2030» жолдауындағы ұзақ мерзімді басымдықтың бірі – «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мән әл ауқаты» тармағында,… азамат-тарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сай болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін» азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттігі көрсетілген.
Бүгінгі таңда егеменді еліміздің басты бағыты денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат тұтқан дара тұлғаларды тәрбиелеу болып табылады.
Ел тізгінін ұстар жастарымыз негізгі қызметімен қатар салауатты өмір салтын ұстанып, әр кез спортпен шұғылдануды ұмытпауы керек.
М.КАРИБАЕВ,
Іле ауданының Әдеп жөніндегі уәкілі