ТӘНІ САУДЫҢ – ЖАНЫ САУ
Спорттың адам өмірінде алатын орны ерекше. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, шыдамды, шымыр болады. Біздің ата- бабаларымыз «Тәні саудың – жаны сау» немесе «Бірінші байлық – денсаулық», — деп бекер айтпаған.
2019 жылдың 5 шілде Жетіген ауылы Уалиханов-Жетигенская көшесі қиылысында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру мақсатында Жетіген ауылында «Рамис» шаруашылық қожалғының директоры Гасанов Алипаша Хамитовичтің қолдауымен салынған шағын футбол спорт алаңының ашылуы аясында ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН футболдан аудандық жарыс өткізілді. Аталған шараның салтанатты ашылу рәсіміне Аудан әкімі Б. Қарасаев, аудан әкімінің орынбасары А. Сатибаев, Іле ауданының Әдеп жөніндегі уәкілі М.Карибаев, Жетіген ауылының әкімі Н.Абилев, аудандық маслихат хатшысы Р.Абилова, Іле аудандық «Нұр Отан» партисы филиалы төрағасының бірінші орынбасары С.Закиржанов қатысты.
Шараның басты мақсаты:
– Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру;
– Жасөспірімдер арасында шағын футбол спорт ойынын дамытып жетілдіру;
– Бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау;
Аталған жарысқа 11 команда қатысып, жарыстың командалық есеп қорытындысы бойынша І-орын Комсомол командасы, ІІ-орын Междуреченск командасы, ІІІ-орынға Өтеген батыр командасы ие болды. Жүлделі орынға ие болған құрама командалар арнайы мақтау қағаздарымен, кубоктар және медальдармен марапатталды.
М. БАҚЫТҰЛЫ,
аудан әкімінің аппарат басшысы