Денсаулық

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалы Мониторинг бөлімінің жұмысы

2019 жылдың 2-ші тоқсанында Алматы облысы бойынша тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде 82 медициналық мекеме тұрғындарға медициналық қызмет көрсетеді. Медициналық қызметтің сапасын мониторинг жасау бөлімі келісім шартта көрсетілген міндеттемелердің сапасы мен көлемін Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен ережелер мен бұйрықтар негізінде мониторинг жүргізеді. Бөлім басшысы Пак Савелий Геннадьевич атап өткендей, «Мониторинг арнайы ақпараттық жүйе «Медициналық қызметтің сапасын басқару жүйесі» арқылы (МҚСБЖ), сонымен бірге арнайы бекітілген жоспарға сәйкес, бөлім мамандарының денсаулық сақтау ұйымдарына тікелей баруы арқылы жүзеге асырылады. Бөлім мамандары жоспарлы мониторингті 100 пайыз аяқтады. 2019 жылдың 2-ші тоқсанында амбулаторлы-емханалық, стационар алмастыратын, шұғыл стоматологиялық көмек көрсететін 11 медициналық мекемеге бару жоспарланған болатын.

Мониторинг жүргізу барысында анықталған кемшіліктердің басым бөлігі емдеу-диагностикалық шаралардан ауытқу, медициналық құжаттарды сапасыз жүргізу, медициналық қызметтің нақталмаған фактілері,көрсетілімдер жоқ болса да негізсіз тәулік бойы ауруханаға жатқызу фактілері анықталды. Бұл жәйттер көбінесе стационарлық және стационар алмастыратын көмек көрсететін мекемелерде анықталды. Емханалар мен амбулаторияларда да жоғарыда аталған кемшіліктер кездесті.

Ауыл тұрғындарына барлығы 27 денсаулық сақтау мекемесі көмек көрсетеді.

Медициналық мекемелер өкілдерімен тұрақты түрде стационар алмастыратын көмекті арттыру бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп отырады. Жоспарлы және Оперативтік жоспар негізінде мақсатты түрде мониторинг жүргізу барысында анықталған мәселелердің ішінде кадр тапшылығы өзекті мәселе болып тұр. Қазіргі таңда гинеколог, хирург, неонатолог, кардиолог, офтальмолог, онколог, эндоскопист, нарколог, функционалды диагностика дәрігері сияқты мамандар тапшы. Стационар алмастыратын технологияларды дамытуға қызығушылық төмен деңгейде.

Эксперттік қорытынды АЖ «Электронды құжаттама жүйесіне» тіркеледі. Эксперттік қорытынды жазылған соң, МҰ басшысына кемшіліктерді жою мерзімі көрсетіліп, ұсыныстар беріледі.

2019 жылдың сәуір айынан бастап қайтыс болған науқастардың ауру тарихына экспертиза жасала бастады.

2-ші тоқсанда барлығы 599 өліммен аяқталған жағдайлар болды. Өліммен аяқталған жағдайлардың 37 –і ерекше ауыр, даулы, күмәнді деп танылып, Эксперттік Кеңеске шығарылып тиісті мекемелер өкілдері шақырылды.

Қоғамдық ақпаратандыру және өтініштерді

қарау бөлімінің

Басқа жаңалықтар

Back to top button