ҚоғамМәдениет

Талдықорғанда мемлекеттік қызметкерлер арасында караоке байқауы өтті

Тың бастаманы Алматы облысының ішкі саясат басқармасы мен Кірістер департаменті ұйымдастырды.

Дала дауысы деп аталатын байқау өңірде алғаш рет өткізіліп отыр. Қалалық мәдениет және демалыс паркінде өткен тартысты сайысқа облыстың әр аймағынан 28 қатысушы келіп, қатысқан.

Ашық аспан астындағы караоке батл еркін форматта өтті. Әнге жаны құмар тұрғындар ән салып, мәз-мейрам болды, өзгелерге де көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Қатысушыларға өнер саласында жүрген аға буын өкілдері қазылық етті. Озып шыққан әуесқой «әншілерге» бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды.

Айта кету керек, мемлекеттік қызметшілер арасында осыған дейін әртүрлі спорт түрлерінен және интелектуалды ойын түрінен жарыстар ұйымдастырылған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button