Алматы облысында 46 адам судан құтқарылды
Дәл қазір Алматы облысында шомылу маусымы қызған шақ. Сондықтан құтқарушылар жұмысының да қарбалас кезі.
Алматы облысында шомылу маусымы басталғалы құтқарушылар 46 адамды құтқарып алған. Арнайы жасақ қызметкерлері жұмысын қаншалықты тиянақты істегенімен, суға түсу ережелерін сақтамайтындар жетерлік. Бұл туралы төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері баспасөз мәслихаты барысында баяндады. Айтуларынша, күні-кеше Қапшағай су қоймасында екі жасөспірім суға кетсе, Іле ауданында 2007 жылы туылған бала суға кетіп, жан тапсырған. Судағы мұндай оқыс жағдайлар жиі қайталанады, себебі, адамдар судағы қауіпсіздік ережесін елемейді дейді мамандар.
-2019 жылғы 25 шілдедегі жағдай бойынша облыстың су айдындарында шомылу маусымы кезінде 24 адам суға батып кетті, оның ішінде 9 бала құтқару бөлімшелерінің жеке құрамымен 46 адам құтқарылды. Судағы оқиғалардың негізгі алаңдаушылығын Қапшағай су қоймасы туғызады, себебі оған республикамыздың ірі мегаполисі Алматы қаласының жақын орналысуы және демалушылардың негізгі жүзуі демалыс күндері келеді. Мәселен 25 шілдеде Қапшағай су қоймасында 4 адам суға кетті, оның ішінде бір бала.
Судағы төтенше жағдайлардың себептері құтқарушылардың бақылаусыз суайдындарында азаматтардың ұйымдастырылмаған демалысы, су үстіндегі қауіпсіздік ережелерін білмеуі немесе сақтамауы, жеке демалыс аймақтары иелерінің судағы қауіпсіздік талаптарын орындамауы, жүзуді білмеуі, жүзу кезінде күштерді асыра бағалау және балаларды ересек адамдардың тиісті бақылауынсыз суда қалдыру болып табылады.
Су айдындарындағы оқиғаларды талдау көрсеткендей, демалыс күндері сенбі және жексенбі күндері адамдардың көбі суға батып кеткен, ал адамдардың қаза болу жағдайларының ең көп саны адамдардың шомылуына арналған ресми (жабдықталған) орындардың болмауы салдарынан орын алады,-деді жедел-құтқару жасағының басшысы Шарапиев Сайлаубек Төлеубекұлы.