Қоғам

Сорғыштан аққан су тоқтады

Бейнежазбаларда көрсетілген «Көктем Гранд» демалыс орынының бассейнінен көлге құйылып жатқан су мәселесі бойынша аудандық комиссия отырысы өтті. Комиссия төрағасы аудан әкімінің орынбасары А.Чалкенов, құрамында аудандық тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы, экология, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі, «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасы және аудандық кәсіпкерлік бөлімі мамандарымен қамтылды.

Комиссияның ақпараты бойынша бүгінгі күні сорғыштан аққан су тоқтады, көл жағалауы таза.

Комиссияның ақпараты бойынша бүгінгі күні сорғыштан аққан су тоқтады, көл жағалауы таза. Бейнежазбадағы аққан су ешқандай хлорсыз, таза бассейннің көлден алынған суы.

Су соратын сорғыш сол уақытта істен шыққандықтан, ішке алынатын су кері қайтқан. Ал, демалыс орынының дәретхана құбыры бөлек жерде орналасқан. Аудандық тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының мамандары қазіргі уақытта зертханалық сынамалар алуда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button