Мемлекеттік кірістер органдары 45 мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді
Өз құзіреті шегінде Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мемлекеттік кірістер комитетініне биыл 5 жыл толып отыр. Бірыңғай тиімділігі жоғары экономикалық қызметті құру мақсатында 2014 жылы 14 тамызда Салық пен кедендік бақылау комитетін біріктірумен ҚР Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті болып қайта құрылды. Осы мақсатта Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Тулеген Сарсембаев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында 2019 жылдың І жартыжылдық қорытынды есебін өткізді.
«Егер 2015 жылы мемлекеттік бюджетке 253,4 млрд.теңге жиналса, бүгінгі күні 2019 жылдың І жартыжылдығында 228,4 млрд. теңге, оның ішінде республикалық бюджетке 126,8 млрд. теңге және жергілікті бюджетке 101,6 млрд. теңге түсім қамтамасыз етілді.2019 жылдың 1 жартыжылдығында мемлекеттік бюджетке кірістер бойынша жоспар 103,8% — ға орындалды және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда түсімдердің өсу қарқыны 32,3% — ға немесе 55,7 млрд.теңгеге артық. Ағымдағы жылы кедендік төлемдердің 36,8 млрд.теңгеге немесе 302,8% өсуі қамтамасыз етілді»,-деп атап өтті департамент басшысы.
«100 нақты қадам» Ұлт жоспарында Мемлекеттік кірістер органдарының қызметіне қатысты 9 нақты қадам белгіленген,оның ішінде 4-еуі салықтық және кедендік әкімшілендіруді жақсартуға бағытталған.
Қызмет көрсетудің электронды форматқа көшуі де бюджетті нығайтуға септігін тигізуде. Қазіргі таңда бұл жүйені тұтынушылар саны артып отыр. Мемлекеттік кірістер органдары 45 мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді, оның ішінде 28-салық бағыты бойынша және 17-кеден бағыты бойынша. Департамент мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде көрсету үлесін арттыру мәселелеріне ерекше көңіл бөледі. Жалпы қазіргі таңға дейін 874 330 мемлекеттік қызмет, олардың 776 085-і немесе 88.5% электронды түрде көрсетілді. Мұның барлығы мемлекеттік кірістер департаменті мамандарының еселі еңбегінің нәтижесі.
Мемлекеттік кірістер департаменті алдағы уақытта да мемлекеттік бюджет жоспарын орындау бойынша қойылған міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін тиімді салықтық және кедендік бақылаудың барлық шараларын қолданады.