Қоғам

ЗАҢСЫЗ ОЙЫН БИЗНЕСІНЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті облыс аумағында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактілерінің алдын алу және жолын кесу бойынша сипатындағы рейдтік іс-шаралар өткізуде.

Бүгінгі таңда казино мен ойын автоматтар залдары Қапшағай жағалауындағы және Ақмола облысының Щучье ауданында ғана орналастыруға рұқсат берілген.

Электрондық казино, покер клубтары, интернет-казино қызметіне жоғарыда көрсетілген өңірлерде ғана рұқсат етіледі.

Ойын бизнесі саласындағы қызметті заңсыз ашу немесе заңға тәуелді ұйымдастыру, ойын бизнесін ашу үшін үй-жайлар беру, қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады. Максималдық жаза мүлкін тәркілеп, 7 (жеті жылға) дейінгі бас бостандығынан айыруды көздейді.

Департамент жұмысының нәтижесі бойынша 19 құқық бұзушылық тіркелді, заңсыз айналымнан 81 ойын терминал, 155 компьютер (интернет казино) алынды, үй-жайлардың меншік иелеріне 175 хабрлама үй-жайлардың меншік иелеріне берілді, халықпен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Егер Сізге көлеңкелі экономика саласындағы заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру және өзге де құқық бұзушылықтар туралы белгілі болса, Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр кенті, Батталаханов көшесі, 11А. Сенім телефоны: 8 (727) 251 71 06 (кезекші бөлім) желі: Instagram — Der_alm_obl; Facebook-Дер Талдықорған хабрлауыңызды сұраймыз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button