Алматы облысының жаңалықтарыҚоғам

Әлеуметтiк төлемдер

Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуіріндегі №405 ҚР Заңының аясында 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі жұмыс істейтін халықты әлеуметтік қамтамасыз етудің қосымша түрі ретінде енгізілді.

Жалдамалы жұмысшыларға әлеуметтік аударымдарды төлеуді жұмысберуші, өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалар әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсiнiң 3,5 % мөлшерінде ай сайын жүргізеді.

Әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсi болып жұмыс берушiнiң қызметкерге орындалған жұмыстар, көрсетiлген қызметтер үшiн табыс түрiнде төлейтiн шығыстары,өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адамның алатын табыстары болып табылады. Өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адамдарға өздерiне табыс әкелетiн жұмыспен өздерiн қамтамасыз ететiн дара кәсiпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиаторлар жатады.

Арнаулы салық режимiн қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтарына қатысты өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар деп дара кәсiпкерлер – қожалық басшысы, сондай-ақ кәмелетке толған жылдан кейiнгi күнтiзбелiк жылдан бастап шаруа немесе фермер қожалығының кәмелетке толған мүшелерi танылады.

Міндеттік әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушыларына төленетін әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ай сайын жүргізіледі.

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақының өсуіне байланысты әлеуметтік аударымдарды есептеу үшін ең жоғары нысан ең төменгі жалақының 10-нан 7 еселенген мөлшеріне азайтылды. 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап Республикалық бюджет туралы заңда: 1 ең төменгі жалақы = 42 500 теңге.

Сонымен қатар, ай сайынғы кіріс әлеуметтік жарналарды есептеу үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының жеті еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде қабылданады (бұдан әрі — жалақы).

2019 жылы әлеуметтік аударымдардың ең жоғары мөлшері 3,5% * (7 * 42 500 теңге) = бір төлеушіден айына 10 413 теңге.

Егер күнтізбелік айдағы әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ең төменгі жалақы мөлшерінен аз болса, онда әлеуметтік аударымдар ең төменгі жалақы негізінде есептеледі.

2019 жылы әлеуметтік аударымдардың ең төменгі мөлшері 3,5% * 42 500 теңге = бір төлеушіден айына 1448 теңге.

Әлеуметтік аударымдар жасалған міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы — әлеуметтік аударымдар төленетін және әлеуметтік қауіп-қатер жағдайында әлеуметтік жәрдемақы алуға құқығы бар жеке тұлға болып табылады.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдердің 5 түрі жүзеге асырылады:

— мүгедектік жағдайында;

— асыраушысынан айрылу жағдайында;

— жұмысынан айрылу жағдайында;

— жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айрылған жағдайда;

— бала 1 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда.

Әлеуметтік төлемдердің мөлшері және тағайындалуы мерзімі әлеуметтік жарналарды уақтылы және толық төлеуіне байланысты болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button