Аудан жаңалықтарыАуыл тынысыҚоғамРухани Жаңғыру

МӘДЕНИЕТ – ҰЛТТЫҢ МӘЙЕГІ

Жер бетінде мекен еткен әрбір халықтың тек өз ұлтының болмысына тән тілі мен діні, мәдениеті мен әдебиеті, салт-дәстүр, әдет-ғұрпы бар. Және әр ұлт осы аталған құндылықтарының алуандығымен ерекшеленіп, бағаланады.

Осы тұрғыда Боралдай кентінде ел мәдениетін, әдебиетін, салт-дәстүрін насихаттауда сүбелі жұмыстар атқарылып келеді. Енді осы мақсатта әкім аппаратының, кенттегі мектептердің акт залдарында, кітапханаларда, мемориалды саябақтағы сахнада ұйымдастырылып, өткізілген мәдени-рухани шаралардың айтулы дегендеріне тоқталсақ. Мәселен, «Қазақ аруы», «Қазақтың келіндері-ай» атты ұлағатты сайыстар өтті, мұнда қазақ қыздары мен қазіргі қазақ келіндері қандай болу керек екендігі, кешеден бүгінге жеткен нағыз қазақ қызы мен келінінің бейнесі көрсетілді. Сондай-ақ, «Ел іші – өнер кеніші» деген атпен қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкелері, «Тарихи шежіре сыр шертеді», «Бір ел – бір кітап», «Туған жер тұнған шежіре» атты кітап көрмелері мен «Рухани жаңғыру- ұлттың жаңғыруы», «Алғыс алған арымас», «Тіл- ұлттың жаны» деген тағылымы мол дөңгелек үстелдер мен жастардың қатысуымен өткен тәрбие сағаттары, М.Мақатаевтың туған күніне орай «Қазақ поэзиясының Хантәңірі» атты байқау мен «Үш бақытым» атты дәстүрлі ән-күй концерті, «Жат ағымдардан сақтану», «Терроризм мен экстремизм – қоғамға төнген қауіп» атты тақырыпта жастардың теолог мамандармен кездесу өткізілді.

Атамекеніміздің азаттығының әр жылдық мерейтойына арналған мерекелік шаралар өз алдына бір төбе. «Тұғыры биік – Тәуел-сіздік» атты тәуелсіздік тойы қарсаңында ұйымдастырылған байқаулар әр мектеп пен балабақшаларда, әскери бөлімдерде жоғары деңгейде атап өтілді. Сонымен қатар, «Тапқыр болсаң…», «Ойлан, тап!», «Кім жылдам?» атты зияткерлік сайыстары, күлдіре тұрып, ой тастайтын «Жайдарман» көңілді тапқырлар клубының ойындары және де «Өнерге қарттардың да бар таласы», «Отбасы – игі құндылық», «Келін – отбасының келешегі», «Жарасымды көршілер – сенімді әріптестер» секілді халық мәдениетін, салт-дәстүрін, өнерін насихаттаған тәрбиелі кештер де атап айтарлықтай деңгейде болып өтті.

Кентімізде «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалары аясында және Іле ауданының 90 жылдық мерейтойына орай көптеген мәдени-рухани, спорттық іс-шаралар жоспарлы түрде жоғары деңгейде өткізілді.

Руханият саласының өзегі — әдебиет әлеміне арналған «Өнерім – өмірім», «Поэзия, менімен егіз бе едің?» атты жас ақындар мен орта буын өкілдерінің бас қосқан поэзия кештері, Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Абай дара — Абай дана қазақта» ашық сабақтар мен кітап көрмелері өткізіліп, қазіргі уақытта кентте Абай өлеңдерінің оқу эстафетасы жалғасып жатыр.

 

Жұлдыз БҰЗАУҚЫЗЫ,Боралдай кенті әкімі аппаратының

мәдениет, тіл, спорт салалары бойынша бас маманы

Басқа жаңалықтар

Back to top button