МӘҢГІЛІК ЕЛІМІЗДІҢ, МӘҢГІЛІК ТІЛІ
Әрбір ұрпақ халықтың ең басты байлығы – тілек ендігін біледі!
Тіл – қай ұлттың болса да тарихы мен тағдыры,тәлімі мен тәрбиешінің негізі,қатынас құралы.
Қазақ тілі – дүниедегі ең тереңі,ең таза тілдердің бірі.
Дүние жүзі бойынша 6800 тіл болса,солардың ішінде сөз байлығы жағынан қазақ тілі ерекше орын иеленеді екен.
Ана тілі дегеніміз – сол тілді жасалған,жасап келе жатқан халықтың өткені, бүгінгі болашағы.
Тіл – халықпен бірге өмір сүріп дамиды,әр ұлттың тілі – оның бақыты мен тірегі.
Елбасы Н.Назарбаев халықтың болашағы тұрып тереңнен толғай отырып «мемлекеттің ең басты құндылығы байлық емес,сонымен қатар анна тілі – ол анна тіліміздің болашағы» деген болатын.
Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық сапаларын да қолданылатын тіл болғандықтан, жүргізілетін барлық іс-қағаздары мен құжаттар мемлекеттік тілде болуы тиіс. Өйткені өркениетке құлаш ұратын елдің өрісі қашанда біліктіде,саналы ұрпақ пен кеңеймек.
Алматы облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының тапсырмасына сәйкес «Тіл тазалығын сақтайық» акциясы Қараой ауылдық округінде бастау алды. Акция аясында біршама түсіндірме жұмыстары өткізілді.
Акция барысында мектептерде, балабақшаларда, ауруханаларда, дәріханаларда, дүкендерде, жол бойында рейдтік зерделеу жұмыстары жүргізілді. Кемшіліктер айтылып, ескертулер жасалды.
Әрбір адам өз тілінде,анасының ақ сүтімен дарыған туған тілінде сөйлеуі тиіс. Өз намысымызды да тіл намысын да қорғау біздің міндетіміз. Жүктелген азаматтың үлкен парызы.Сондықтан да бабаларымыздың үмітін ақтап, тілімізді биіктен көрсететін, шарықтататын нағыз тіл жанашырлары – бүгінгі ұрпақ.
В. ТЕМИРБЕКОВА, Қараой ауылдық округі әкімі
аппаратының бас маманы