ОҚЫП БОЛСАҢ, ДОСЫҢА БЕР
Қазақ тілінде кітап басып шығару ісінің 200 жылдан астам тарихы бар. Кітаптар бастапқыда арабша, аз уақыт латын қарпімен, ал 1939 жылдан бастап кирилл қарпімен шыға бастады Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында Іле ауданы аудандық кітапханасында ашық аспан астында, табиғат аясында оқырмандармен және Боралдай ауылдық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен №39 мектеп гимназиясының оқушылары арасында «Оқып болсаң, досыңа бер» қағидасы негізінде кітапханаға оқырмандарды тарту, кітаптың пайда әкелуiне жол ашу, «кітап алмастыру» акциясын жүргізу, әр түрлі жастағы оқырмандарды кітап оқуға шақыру, кітап пен оқырман байланысын жетілдіру мақсатында «Буккроссинг» акциясы өткізілді. Акция барысында оқырмандарға «Буккроссинг» акциясы жайында мәлімет берілді. Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі-білім қазынасы. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде, немесе әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік», – деген еді Ғабит Мүсірепов. Кітап таңдап, талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсерді өмір қажетіне жарата білу – әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. Буккроссингтің мақсаты: оқырмандар арасында «кітап алмастыру» акциясын жүргізу, әртүрлі жастағы оқырмандарды кітап оқуға шақыру, кітапханаға оқырмандарды тарту, күнделікті өмірдегі әр оқырманның кітап оқу әрекетін танымал етуге өз үлесін қосу, әлемді үлкен кітапханаға айналдыру. Акция барысында Буккроссинг (ағылшын тілінде «кітаптың айналыста жүруі»)- «өзің оқысаң, өзгеге табыс ет» қағидасына негізделген хобби екені айтылып, оқырман мен кітап арасын жақындататын, кітап оқуға шақыратын қоғамдық қозғалыстың бірі екені оқырмандарға түсіндірілді. «Артық білім кітапта, Ерінбе оқып көруге», – деп ұлы ақынымыз Абай жырлағандай ерінбей білім алуға асығайық. Бар білімнің патшасын тек кітаптан ғана таба алатынымызды ұмытпайық.
Қарлығаш БҰДҰҒҰЛОВА, аудандық кітапхана
басшысының міндетін атқарушы