Алматы облысының жаңалықтарыҚоғамӨндіріс және кәсіпкерлік

«Ózgerіs ustasy» бірінші республикалық сыйлығының иегерін анықтауға өтінімдер қабылдау басталды.

2019 жылдың 20 тамызында Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға қосқан үлесі үшін «Ózgerіs ustasy» бірінші республикалық сыйлығының иегерін анықтауға өтінімдер қабылдау басталды.

Сыйлықты тағайындаудың мақсаты — Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерлік саласындағы көрнекті мамандардың сіңірген еңбегін қоғамның мойындауы, отандық әлеуметтік кәсіпкерлік институтына назар аудару және Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерлікті танымал ету.

Сыйлық ұйымдардың екі санатына арналған

1. Әлеуметтік кәсіпкерлікпен айналысатын ҮЕҰ

2. Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерліктің дамуына ықпал ететін ұйымдар.

Сыйлық Үкіметтік емес ұйымдарға (ҮЕҰ) 6 номинация бойынша беріледі:

1. Білім берудегі әлеуметтік кәсіпкерліктің ең үздік үлгісі.

2. Денсаулық сақтаудағы әлеуметтік кәсіпкерліктің ең үздік үлгісі.

3. Экология саласындағы әлеуметтік кәсіпкерліктің ең үздік үлгісі.

4. Мәдениет және өнер саласындағы әлеуметтік кәсіпкерліктің ең үздік үлгісі.

5. Әлеуметтік осал топтарды қолдау саласындағы әлеуметтік кәсіпкерліктің ең үздік үлгісі (ерекше қажеттіліктері бар адамдар, қарт адамдар, әйелдер, жастар, балалар және т.б.)

6. Аумақтарды дамыту саласындағы әлеуметтік кәсіпкерліктің ең үздік үлгісі (облыстар, қалалар, аудандар және т.б.)

Жүлдені алуға өтінімдер www.ozgeris-ustasy.kz сайтында қабылданады.

Жеңімпаздар бірнеше кезең бойынша анықталады:

1. Өтінімдерді қабылдау 2019 жылғы 20 тамыздан 16 қыркүйекке дейін;

2. Республикалық сараптамалық комиссия 2019 жылғы 24 қыркүйегінде 30 жартылай финалисттерді анықтайды;

3. Ашық онлайн дауыс беру, 2019 жылдың 10-30 қазан аралығында өтіп, нәтижесінде 15 жеңімпаз анықталады;

4. Марапаттау рәсімі, 2019 жылғы 15 қарашада Алматы қаласында өтеді.

Жоғарыда аталған 6 номинация бойынша жеңіске жеткен ҮЕҰ-ға 500 000 теңге көлемінде грант беріледі. Сыйлық аясында ҮЕҰ арасынан 15 жеңімпазды анықтау жоспарланған.

Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерліктің дамуына ықпал ететін ұйымдарға Сыйлық 4 номинация бойынша беріледі:

1. Корпоративтік бизнес арасындағы «Әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдаудың ең үздік КӘЖ бағдарламасы».

2. Мемлекеттік институттар арасындағы «Әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдаудың ең үздік мемлекеттік шарасы».

3. «Әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі халықаралық институттың ең үздік бастамасы».

4. “Әлеуметтік кәсіпкерлік тақырыбын үздік жариялаған бұқаралық ақпарат құралы».

Жоғарыда аталған 4 номинацияға үміткерлердің тізімін ұйымдастырушылар бекітеді. Жеңімпаздарды сараптамалық комиссия анықтайды.

Жүлде ұйымдастырушылары – “Act for Impact” (Impact Hub Almaty) Корпоративтік қоры Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» (ҮЕАҚ) гранты аясында.

Анықтама:

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғам Қазақстанда мемлекет пен ҮЕҰ өзара іс-қимыл тетігін жетілдіру, грант беруші қызметтің барынша айқындылығын қамтамасыз ету мақсатында құрылған. Оның қызметінің негізгі түрлері — ҮЕҰ-дың мемлекеттік және мемлекеттік емес гранттарын беру және олардың іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру болып табылады.

Impact Hub Almaty (“Act for Impact” Корпоративтык қоры) — Қазақстандағы әлеуметтік және шығармашылық кәсіпкерлікті дамытуға толық қолдау көрсететін бірегей алаң. 5 құрлықтағы 20000-нан астам мүшесі бар 100-ден астам хабтан тұратын Impact Hub Network-тің бір бөлігі ретінде IHA халықаралық тәжірибе мен желілік әдістемелерді ала отырып, бағдарламалар мен бастамалар арқылы Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуда.1,5 жыл аралығында IHA 100-ден астам әлеуметтік кәсіпкерлер мен Алматының шығармашылық кәсіпкерлерінің қауымдастығын біріктіруде және Қазақстан аймақтарында әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуда.

Қосымша сұрақтарды жоба координаторы,Наврузбеква Фаридаға +7 708 298 84 19 телефоны арқылы жолдасаңыздар болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button