Аудан жаңалықтарыАуыл тынысыБасты ақпаратҚоғам

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР – БАСТЫ НАЗАРДА

Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы — мемлекеттік органдардың жұмысын бағалаудың басты өлшемі болып табылады. Аталған сала барлық бағытты, соның ішінде азамат дүниеге келген кезден бастап барлық өмір сүру кезеңінде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мемлекетпен тығыз байланыста болатындығы белгілі. Семинар-кеңесте білім, денсаулық сақтау саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді электронды жүйеге ауыстыру бағытындағы жұмыстар сараланды.

Алғаш сөз алған аудандық білім бөлімі басшысының орынбасары Гүлнар Саттарқұлқызы: «Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметкерді ҚР Үкіметінің 2013 жылдың 18 қыркүйегіндегі «Мемлекеттік қөрсетілетін қызмет реестрін бекіту туралы» №983 қаулысына сәйкес отбасы және балалар, мектепке дейінгі және орта білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру саласында 32 мемлекеттік қызмет белгіленген болатын. Елбасы Н. Назарбаевтың жолдауында цифрлық қазақстан жобасы қабылданған. Сандық білім беру ресурстарын дамыту мақсатында халық үшін өзіне өзі қызмет ету бұрыштары жасалып, аталған бұрыш қажетті жабыдықталған. Сондай-ақ, білім бөлімі мен білім бөлімі мекемелерінің қызметкерлерінің барлығы қызмет көрсету арқылы электрондық цифрлық қолтаңба алды. Осы қолтаңба арқылы электронды жұмыс жасай алады және керекті анықтамалардың барлық түрлерін ала алады. Мемлекеттік қызмет арқылы – 127, цифрлық қолтаңба арқылы – 141, тікелей бөлім арқылы — 6013 азаматқа қызмет көрсетілді. Облыс бойынша ата-аналар жалпы білім беретін мекемеге балаларын мектепке қабылдау болсын немесе балабақша кезегіне тұру үшін де электронды түрде портал арқылы жібере алады. Қабылдаған өтініштер саны – 6664, құжаттар толық тіркелмегендіктен 8 өтініш қайтарылған. Осы жылдың шілде айынан бастап е–zhetysu.kz бағдарламасы ашылды. Ол базада ата-аналар балаларын балабақшаға кезекке қоя алады. Мемлекеттік қызметкерді көрсету сапасының қызметін бұзғаны туралы жағдайлар тіркелген жоқ. Бұл бағытта білім басқармасы және облыстық мекемелер тарапынан жұмыстар жалғасуда», — деп атап өтті.

Келесі сөз кезегін аудан әкімінің аппаратының Ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер мониорингі бөлімінің басшысы, Санат Ерболатұлы білім, денсаулық саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша сараптамалық талдаудың қорытындысымен таныстырды. Сараптау, талдау, зерделеу қорытындыларының нәтижесі бойынша саладағы кемшіліктерді жою жолдары мен алдағы уақытта атқарылар шараларға тоқталып, бұзушылықтарға жол берген мекеме басшыларын қатаң сынға алды.

Мысалы мемлекеттік қызмет көрсетуде бұзушылықтарға жол берілген 5 мектеп директоры және аудандық білім бөлімінің 1 маманы жіберілген кемшіліктер бойынша тәртіптік жауапкершілкке тартылған.

Бүгінгі күні аудан тұрғындарының мемлекеттік қызметтерді ХҚКО бармай-ақ, өзіне-өзі қызмет бұрыштары арқылы электронды қызмет алу деңгейі бойынша көрсеткіш білім саласында 61% болса, денсаулық сақтау саласында 38 % шамасында.

Медициналық қызметті ұсынушы органдар өз кезегінде халыққа көрсететін қызмет сапасын арттырып, халықтың денсаулығы мен өмір сүру деңгейін көтеру, сұраныстарын қанағаттандыру күн тәртібінен түспейтін мәселе екенін атап өтіп, ағымдағы жылдың 8 айы бойынша Іле ауданының денсаулық сақтау салалары тұрғындарға 258 059 мемлекеттік қызмет қызмет көрсетілгенін тілге тиек етті.

Қазіргі кезде «Наркологиялық ұйымынан анықтаманы беру», «Психоневрологиялық ұйымынан анықтама беру», «Туберкулезге қарсы ұйымынан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді e-gov электрондық үкімет порталы арқылы электрондық форматқа көшірілді. Бұл қызметті қағаз жүзінде мекемеге келіп, алушылардың санын азайтып, тұрғындарды тек қана электронды алуға насихаттауды жалғастыру қажет.

Семинардың модераторы аудан әкімі аппаратының басшысы Кәрібаев Мұхит Бақытұлы Аудандық білім бөлімі басшысының орынбасары Г.Мақсұтова, Аудандық орталық аурухананың директоры М. Егембердиеваға қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша біршама тапсырамалар жүктеді.

Семинардың екінші кезегінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы облысы бойынша филиалы — «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Іле аудандық бөлімінің басшысы А. Мұңайтбасова келушілерге «Қалтадағы мемлекетті қызметтер» тақырыбында оқу-тренинг өткізді.

Ақпараттық қоғамның даму кезінде ХҚКО на жүгініп, кезекке тұрып, уақыт жоғалатпай қалтадағы смартфондар арқылы 28 қызметті оңай алуға болатынын жан-жақты түсіндірді.

«Электрондық үкімет» порталы, Mgov, Telegram-бот @EgovKzBot мобильді мессенджері арқылы мемлекеттік қызметтерді оңай алуға болатынан үйреніп қайтқан семинарға келушілер аудандық ХҚКО мамандарына өз кезегінде алғыстарын айтып жатты.

Семинарды қорытындылаған аудан әкімі аппаратының басшысы, Кәрібаев Мұхит Бақытұлы білім, денсаулық сақтау салаларының қызметкерлеріне халыққа көрсететін қызмет сапасын арттырып, билік пен халық арасындағы алтын көпірге айналуға және мемлекеттік қызмет көрсету — бұл еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіші болып табылатынын әрбір қызметкер түсіну қажеттігін атап өтті.

 

Өз тілшіміз

Басқа жаңалықтар

Back to top button