ҚАРТТАРЫМ – АСЫЛ ҚАЗЫНАМ
Шіркін уақыт десеңші, осылайша ортамызда жүрген қарияларымыздың
бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріліп, көңіл аударып, үкімет тарапынан жан-жақты қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз.
Қарттар саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға-апаларымыз. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.
Ардагерлердің көпшілігі өз жастарына қарамастан өскелең ұрпақты тәрбиелеуде белсенділік көрсетіп, еңбек етті. Олардың бай тәжірибелері әрдайым жоғары бағаланады.
Қарттар күні мерекесі қарсаңында Іле ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің әскери қызметшілері Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің үйіне барып құттықтап, сый-сияпаттар тарту етті. Аудандағы Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің көп жылдан бері қызмет атқарып келе жатқан ардагерлері, азаматтық персонал М. Джаркимбаева және А. Яппароваға жеке құрам атынан естелікке сыйлықтар беріліп, құрмет көрсетілді.
С. МЕДЕУБАЕВ,
Іле ауданының қорғаныс істері
жөніндегі бөлім бастығы