Алматы облысы бойынша МКД баспасөз-мәслихатын өткізді
Jetisy` media алаңында Мемлекеттік кірістер Департаментінің ұйымдастыруымен «2019 жылдың 9 айындағы кедендік әкімшілендіру жұмысының негізгі бағыттары жөнінде Алматы облысы бойынша МКД қызметінің қорытындысы» тақырыбында баспасөз-мәслихатын өткізді.
Спикерлер Алматы облысы бойынша МКД басшысының орынбасары Д.Н.Маулетов және кедендік әкімшілендіру басқарма басшысы Р.О. Қалиаждаров кедендік әкімшілендіру жұмысының негізгі бағыттары және осы жылдың 9 ай ішінде орын алған құқық бұзушылықтар жөнінде баяндады.
Бүгінде Департамент құрылымы 20 аумақтық басқармалардан, «Достық» кеденінен, бес «Алтынкөл-жол», «Қорғас-ШЫХО», «Қалжат», «Нұр жолы» және «Талдықорған» кеден бекеттерінен тұрады.
Жалпы, Департамент кеден ісі саласында 9 ай көлемінде 672 құқық бұзушылық анықтады, 87 628 125 теңгеге әкімшілік айыппұл салынды, 78 096 750 теңгеге айыппұл өндірілді. Оның ішінде тек қана ҚР ӘҚБтК 551-бабы бойынша «Тауарларды, қолма-қол ақша қаражатын, ақша құралдарын декларацияламау немесе анық емес кедендік декларациялау, кедендік құжаттарда мәліметтерді анық емес мәлімдеу» бойынша 143 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 17 902 250 теңгеге айыппұл салынды, 17 826 500 теңге өндіріп алынды.
Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті уақытша сақтауға орналастырылған ұсталған (контрабандалық) тауарларды түгендеу бойынша Департамент жүргізген іс-шаралар нәтижесінде әкелуге тыйым салынған және жойылуға жататын 36 тонна жүк анықталғанын хабарлайды, олардың құны алдын ала есептеу бойынша 42 миллион теңгені құрады. Олар бойынша оларды жою туралы шешім қабылданды.
Олардың басым бөлігі — тыйым салынған медициналық тауарлар мен бензилпенициллин, «ДИНГУА-ГУА», «JETHEWKS» сияқты дәрілік заттар, сондай-ақ контрабандалық жолмен әкелінген сигареттер жойылуға жатады.
Департамент «Kazakh Terminal Zharkent» ЖШС УСҚ-мен бірлесіп, белгіленген регламентті сақтау және табиғат қорғау іс-шараларын орындау кезінде мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы негізінде ұсталған тауарларды жою бойынша жұмыс жүргізді.
Данияр Сағындық