Аудан жаңалықтарыАуыл тынысыБасты ақпаратЗаң және бізҚоғам

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ МІНСІЗ БОЛУЫ ТИІС!

Әр саналы адам еңбек істеп өз елінің бір кірпіші болып қалануды мұрат ететіні анық. Соның ішінде мемлекеттік қызметкерлердің мақсаты ерек, міндеті үлкен. Мемлекеттік қызметке келген әрбір азамат өзінің қоғам алдындағы да, халық алдындағы да зор жауапкершілігін сезінуі тиіс. Өйткені мемлекеттік қызмет дегеніміз – елге, Отанға қызмет ету деген сөз. Ал осы абыройлы қызметтің мінсіз болуы – ол әр мемлекеттік қызметкердің өз қызметін мінсіз істеуі. Жалпы кәсіби мемлекеттік аппарат құру жолында да мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігімен қоса адамгершілігі де жоғары деңгейде болу керек. Өйткені маман қанша білімді болғанмен де өз еліне жаны ашымайтын болса онда ол нағыз мемлекеттік қызметкер бола алмайды.

Қазіргі уақытта кез-келген азамат жасына, ұлтына қарамастан мемлекеттік қызметкер бола алады, бірақ ол үшін арнайы үш сатылы сынақтардан өтуі қажет. Ол сынақтар қарапайым әрі қажетті сынақтар. Яғни, мемлекеттік қызметкердің бойында болуға тиісті жеке қасиеттер мен ҚР Заңдарын білуге тест тапсырады. Тесттен өткен үміткер мемлекеттік органдарда конкурсқа қатысады.

Мемлекеттік қызметкер – мемлекеттің абыройы, мемлекеттің беделі. Сол себепті әр мемлекеттік қызметкердің бір қателігі немесе бір жетістігі ол мемлекеттік қызметтің абыройымен өлшенетіндігін білген жөн. Жалпы мемлекеттік қызметті тек мәнсап деп қарайтындар өз қызметін бағаламайтындар дер едім. Себебі, елге қызмет етуден асқан бақыт жоқ. Өз жұмысынан рухани күш алатын маман – ол қызметте білікті, өмірде бақытты адам деген сөз. Ал білікті маман, бақытты адам өз елінің көркеюі үшін еңбек етері хақ.

БАЙЗАКОВ Диас Жаныбекұлы,

ҚР мемлекеттік қызмет істері агентігініңАлматы облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет

басқармасының бас маманы

Басқа жаңалықтар

Back to top button