Талдықорғанда І. Жансүгіров атындағы ЖМУ Негізінде Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының өкілдігі ашылды
19 қарашада Талдықорғанда Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасы және І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті Жастар жылы аясында университет негізінде «StartUp ZHGU» академиясында Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының өкілдігінің кеңсесін ашылды.
Кеңсенің мақсаты — университетте жастар кәсіпкерлігін дамыту, ғылыми және инновациялық әлеуетті жүзеге асыру және жас ғалымдар мен ұмтылатын кәсіпкерлер арасында стартап жобаларды дайындау.
Осы мақсатта жас ғалымдар мен жасы 29-дан аспайтын жаңа бастаған кәсіпкерлер арасында «Жетісу — Стартап 2019» инновациялық идеялар мен стартап-жобалар байқауының ашылуы өтті.
«Бұл жоба студенттерге, жас кәсіпкерлерге өз ісін ашуға, өз жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл сіздің әлеуетіңізді ашуға және қажетті кеңестер алуға мүмкіндік береді. Бұл жоба сәтті жас кәсіпкерлердің санын көбейтуге мүмкіндік береді деп санаймыз», — деді Дәурен Оңалбаев, Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары.
Кеңсенің ашылу салтанатында гранттар алып, өз ісін бастаған «Бастау-бизнес» курсының түлектері өздерінің жетістіктерімен бөлісті.
Іс-шараның шақырылған қонақтары облыстық білім, кәсіпкерлік және инновациялық даму, сандық технологиялар, жастар саясаты, «Нұр Отан» партиясының, Қазақстан халқы Ассамблеясының және т.б.